Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 230 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 371 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 230 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 14, 124-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде: 
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды: 
1) сүт шикізаты және кілегей шикізаты; 
7) сүтті, сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілер; 
9) сары май-өсімдік спреді және ерітілген сары май-өсімдік қоспасы; 
11) сүтті қайта өңдеудің қайталама өнімдері."; 
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түскен сүт және сүт өнімдерінің түрлері Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) 04-тобында, сондай-ақ 1517, 2105, 2106-кіші топтарында орналасқан."; 
3-тармақтағы "сүт өнімдерін" деген сөзден кейін "әзірлеумен (жасаумен)," деген сөздермен толықтырылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi