Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2002
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 8 мамыр N 868
"Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 856 Жарлығын іске асыру және мемлекеттік органдардың ұлтаралық қатынастарды бірыңғай мемлекеттік ұлттық саясат шеңберінде нығайту жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіруді жақсарту мақсатында қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан халықтары Ассамблеясымен жұмыс істеу жөніндегі бөлім". 
     2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы он күн 
мерзімде Қазақстан халықтары Ассамблеясымен жұмыс істеу жөніндегі бөлім 
туралы ережені бекітіп, оның штат санын айқындасын. 
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi