Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1035 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 587 Қаулысы
Осы Қаулы 2022 жылғы 25 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.03.2022 жылғы № 150 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1035 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесінде: 
"Үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"Қазақстанның биологиялық саналуандығын сақтау қоры" корпоративтік қоры". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi