Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2014
"Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 1097 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 19.12.2014 жылғы № 1345 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы №а 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) спортшыларға олимпиадалық спорт түрлерiнен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
2) олимпиадалық спорт түрлерiнен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушыларға өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
3) спортшыларға универсиадалардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi