Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2023
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы N 1520 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.08.2023 жылғы № 642 Қаулысына сәйкес Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2016 жылғы № 332 Қаулысына сәйкес (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 20.08.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2016 жылғы № 332 Қаулысына сәйкес (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 наурыздағы N 252 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 14, 133-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы N 1520 қаулысымен бекітілген
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2016 жылғы № 332 Қаулысына сәйкес (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.08.2021 жылғы № 525 Қаулысына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, орналастыру, айналысқа қосу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2016 жылғы № 332 Қаулысына сәйкес (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.12.2018 жылғы № 831 Қаулысына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.08.2021 жылғы № 525 Қаулысына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2016 жылғы № 332 Қаулысына сәйкес (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.10.2020 жылғы № 660 Қаулысына сәйкес (13.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.08.2021 жылғы № 525 Қаулысына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) андеррайтер – брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызметтер көрсететін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
2) бағалы қағаздар – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
3) бастапқы дилер – белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды орналастыруға қатысуға жіберілген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
4) депозитарийдің ережелер жинағы – депозитарийдің ішкі құжаты, оның негізінде депозитарий бағалы қағаздарға қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асырады;
5) орталық депозитарий (бұдан әрі – депозитарий) – эмитентпен жасалған шартқа сәйкес бағалы қағаздарды орналастыру кезінде бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу жөніндегі төлем агентінің функцияларын және оларды өтеу кезінде бағалы қағаздарға депозитарийлік қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы;
6) сауда-саттықты ұйымдастырушы – «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы;
7) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелері – сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаты, оның негізінде сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады;
Полная версия

