Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына сәйкес және ұлттық, мемлекеттiк акционерлiк компаниялардың, соның iшiнде холдинг компанияларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын акционерлiк компаниялардың, соның iшiнде холдинг компанияларының қызметiн орталық мемлекеттiк басқару органдары тарапынан реттеудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Внимание! Документ утратил силу с 12.11.2008
МЕМЛЕКЕТТIК АКЦИОНЕРЛIК, СОНЫҢ IШIНДЕ ХОЛДИНГ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ РЕТТЕУI ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 17 ақпан 1994 ж. N 197
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен.
1. Мемлекеттiк акционерлiк компаниялар, мемлекет қатысатын акционерлiк компаниялар, соның iшiнде холдинг компаниялар (бұдан әрi - компаниялар) жөнiнде орталық мемлекеттiк басқару органдары мынадай функциялар атқарады деп белгiленсiн:
ұлттық мүдделердiң жүзеге асырылуы қамтамасыз етiлуiн - айналадағы ортаның қорғалуын, мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуын бақылау;
мемлекеттiк компанияларды тарта отырып өнеркәсiп салаларын дамытудың тұжырымдамалары мен басым мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу;
компанияларға мемлекеттiк саясат (мемлекеттiк мақсатты бағдарламалар) шеңберiнде көмек көрсету;
экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру саясатын белгiлеуге қатысу;
компаниялардың залалмен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк кәсiпорындарын санациялау, оларды қайта құру мен тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
республика бюджетiн қалыптастыру кезiнде компаниялардың мүддесiн бiлдiру, өнеркәсiпте стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн жаңа ұйымдық құрылымдардың қаражат (валюта) жөнiндегi қажеттерiн негiздеу;
инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыру;
компанияларды ақпаратпен қамтамасыз ету;
ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестiрiлуiн және ғылыми талдамалардың енгiзiлуiн жүзеге асыру;
өндiрiстiк қуаттарды орналастыру мен өнеркәсiп салаларын дамыту саясатын жүзеге асыру;
қолданылып отырған заңға сәйкес компаниялардың бақылау кеңестерiне қатысу.
2. Акционерлiк компанияларға акциялардың мемлекеттiк пакетiне иелiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жүзеге асырады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Әдiлет министрлiгiмен және басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бұрын қабылданған министрлiктер мен ведомстволардың қызметiн реттейтiн шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Полная версия