Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.09.2015
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 630 Қаулысына сәйкес
«Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидаларын бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.03.2015 жылғы № 396 Бұйрығын қараңыз
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасы бекітілсін.
2. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 690 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 339-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1455 қаулысымен
 бекітілген
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасы
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының  33) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Қағида жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру тәртібін айқындайды.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлаумен және өндірумен, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру тәртібі
3. Жер қойнауын пайдаланушылар үшін уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүргізу туралы есептіліктің (бұдан әрі - есептер) мынадай түрлері белгіленеді:
1) алты айдың қорытындысы бойынша ақпараттық геологиялық есеп (жартыжылдық есеп);
2) жылдың қорытындысы бойынша ақпараттық геологиялық есеп (жылдық есеп).
4. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы үшін келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жартыжылдық есептерді жер қойнауын пайдаланушы ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей уәкілетті органның өңіраралық департаментіне (бұдан әрі - өңіраралық департамент) жібереді.
Жер қойнауын пайдаланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәлімет бермеген жағдайда өңіраралық департамент олар түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде есепті пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған есептерді өңіраралық департаментке ұсынады.
Өңіраралық департамент жер қойнауын пайдаланушылардың деректері бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы үшін өзіне ведомстволық бағыныстағы аумақта жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептер жасайды. Өңіраралық департаменттер жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жиынтық есептерді ағымдағы жылғы бірінші қыркүйекке уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган жиынтық жартыжылдық есеп өңіраралық департаменттен түскен сәттен бастап оны күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды және уәкілетті органның Республикалық геологиялық ақпарат қорына (бұдан әрі - геологиялық қор) сақтауға жібереді.
Полная версия
ИС BestProfi