1. Қоса беріліп отырған "Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.02.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1331 Қаулысы
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1331 қаулысымен бекітілген
"Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі мен 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне және Қазақстан Республикасының " Автомобиль жолдары туралы " 2001 жылғы 17 шілдедегі, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі, " Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Техникалық регламент объектілері болып мыналар саналады:
1) Қазақстан Республикасында импортталатын және өндірілетін, Қазақстан Республикасының климаттық жағдайына байланысты жалпы пайдаланымдағы барлық техникалық санатты автомобиль жолдарын және ондағы құрылыстарды салу, жөндеу, қайта жаңарту, пайдалану саласында қолданылатын, сондай-ақ шектелген көлемде пайдалануға рұқсат етілетін қайта пайдаланылатын жол-құрылыс материалдарына;
2) жол-құрылыс материалдарының өндіру, тасымалдау және сақтау, қолдану (оның ішінде қайта қолдану), пайдаға асыру және көму сияқты өмірлік циклы процестеріне қолданылады.
3. Техникалық регламент ережелері жер төсемін, жол жамылғысының құрастырылымдық қабаттарын, инженерлік құрылыстарды орнатуға, шикізатты өңдеу кезеңдеріндегі жолдың және белгілердің жағдайы, жол құрылыс материалдарын өндіру, сақтау, тасымалдау, іске асыру және қолдану, қалдықтарды пайдаға асыру және (немесе) жоюға арналған жол құрылыс материалдарына қойылатын негізгі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
4. Осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талабына қатысты қойылатын, жол-құрылыс материалдарының тізімі 1 қосымшасында келтірілген.
5. Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін жол-құрылыс материалдарын бірдейлендіру көзбен шолып бақылау, Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының жіктеуіші бойынша - ҚР СЭҚ ТН кодтары, таңбалау, өндірушінің ілеспе құжаттамасында берілетін ақпарат негізінде жүргізіледі.
Жол-құрылыс материалдарын бірдейлендіру үшін ақпарат жеткіліксіз болған кезде, жол-құрылыс материалдарының нақты түрлеріне арналған талаптары осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда көзделген физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша сынақтар өткізеді.
6. Процеске қатысушы, заңды және жеке тұлға үшін Техникалық регламент талаптары болуы міндетті: өндіріс, тасымалдау, сақтау, қолдану (соның ішінде қайта қолдану), жол-құрылыс материалдарын сақтау және жылыту, олардың территориялық маңыздылығына және ұйымдастыру құқықтық формасына тәуелсіз және Қазақстан Республикасының барлық территориясында істейді.
2. Терминдер мен анықтамалар
Полная версия