Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 12.07.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің Талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6395 болып енгізілді
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын талаптарды айқындайтын ережесі бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. «Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 34 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 наурызда № 5610 болып тіркелген).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Экономикалық даму және сауда
 министрінің
 2010 жылғы 22 шілдедегі
 № 126 бұйрығымен бекітілген
Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптары
1. Осы Қаржы-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі - ҚЭН) мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және ҚЭН мазмұнын, әзірлеу тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды (бұдан әрі – Инвестициялар) іріктеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 01.02.2012 № 36 Бұйрығымен. (18.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Талаптарда мына негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) Инвестицияларды алушы – қаражатты жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшін түпкілікті алушы болып табылатын, Инвестициялар есебінен іс-шараларды іске асыратын заңды тұлға;
1-1) қатысушылар – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;
2) қаржылық схема – қатысушылар арасындағы бюджеттік ақшаның ағыны;
3) маркетингтік орта – Инвестицияларды алушының қызметі жүзеге асырылатын және нысаналы клиенттермен табысты ынтымақтастықтың қатынасын белгілеу және қолдау мүмкіндіктеріне ықпал ететін белсенді субъектілердің және шарттардың жиынтығы;
3-1) нәтижелілік - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштері болған жағдайда есептермен расталған дәйектемелердің болуы;
3-2) негізділік – әрбір құрамдауыш бөлінісінде іс-шараларды іске асыруға арналған қаржыландыру көлемінің, сондай-ақ іс-шараларды балама көздерден қаржыландырудың мүмкін еместігінің құжатпен және есептермен расталған дәйектемелерінің болуы;
Полная версия
ИС BestProfi