Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.06.2014
"Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 12 шілдедегі № 214 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 тамызда № 7821 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 30.06.2014 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 156-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің Талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы»;
«Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуі бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің мазмұнына, оны әзірлеу немесе түзету тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық күшіне енгеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялануын;
4) ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрықтың әрекеті ол күшіне енгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.
5. Осы бұйрық, оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетуге қатысты ережелерін қоспағанда, 2012 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы                           М. Әбілқасымова
Қазақстан Республикасы
 Экономикалық даму және сауда
 министрлігінің 2012 жылғы
 12 шілдедегі № 214 бұйрығына
 Қосымша
Қазақстан Республикасы
 Экономикалық даму және сауда
 министрiнiң 2010 жылғы 22 шiлдедегi
 № 126 бұйрығымен бекiтiлген
Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуі
Полная версия
ИС BestProfi