Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.12.2009
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне баруларды және тексерулерді есепке алу кітабының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 12 шілдедегі N 190 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4320
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Индустрия және сауда министрінің 28.12.2009 ж. № 354 Бұйрығына сәйкес
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 9) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне баруларды және тексерулерді есепке алу кітабының нысаны бекітілсін.
2. Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаменті: 
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 
осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және сауда вице-министрі А. Баталовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бару және тексерулердің есебі кітабы
 
N Бару және тексеру күні Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдағы тіркеу нөмірі мен күні Бақылаушы органының тексеру тағайындау туралы актісінің нөмірі мен күні Бақылаушы органның атауы, тексеруді тағайындаған лауазымды тұлғаның аты-жөні және лауазымы Тексеруді немесе баруды жүзеге асырған тұлғаның аты-жөні және лауазымы Тексерудің немесе барудың түрі мен мәні Тексеруді немесе баруды жүргізу мерзімі, сондай-ақ тексеруді жүргізу немесе тоқтата тұру туралы мәлімет Тексеруді жүзеге асырған тұлғаның аты-жөні және қолы
Полная версия
ИС BestProfi