1. Қоса берiлiп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 12.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1125 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы;
3) Комитеттiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Комитеттiң төрағасына бiр орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 21 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 7-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" және "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемелерiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 366 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасының;
3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 1293 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1125 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде бақылау, қадағалау және iске асыру функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында салааралық үйлестiрудi және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.09.2006. № 899 қаулысымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комитеттiң мынадай аумақтық көлiктегi мемлекеттiк бөлiмшелерi бар:
Полная версия