Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 152 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 22 қыркүйектегі тіркелді. Тіркеу N 4401
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109  қаулысына     (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3603 тіркелген) Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3949 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесінде: 
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: 
"8-1. Хеджирлеу құралдарын бағалау Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес белгіленген әділ құн бойынша, апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: 
"Principal Protected Notes бағалау әділ құн бойынша жүзеге асырылады. Principal Protected Notes әділ құны Reuters немесе Bloomberg ақпараттық-талдау жүйелерінен алынған ақпарат негізінде, немесе мұндай болмаған жағдайда, осы құралды бағалайтын қарсы әріптестер ұсынған баға белгілеудің орташа мәні ретінде белгіленеді. Reuters, Bloomberg ақпараттық-талдау жүйелерінен немесе қарсы әріптестерден ақпарат алу мүмкін болмаған кезде, бағалау мақсаты үшін эмитент белгілеген баға пайдаланылады.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.): 
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.            
Полная версия
ИС BestProfi