Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2015
"Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 815 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8145 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрінің 10.04.2014 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берiлiп отырған «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрінің
 2012 жылғы 26 қарашадағы
 № 815 бұйрығымен
 бекітілген
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Осы «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» осы мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабына, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау жүйесіндегі мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйегіндегі № 1153 қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) және «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес әзірленген.
2. Осы Регламентте мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) ҚАБ – құрылымдық-функционалдық бірлігі (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органның жауапты тұлғасы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйе немесе кіші жүйе.
3. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрі – ХҚКО) Стандартқа 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған.
1) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабына;
Полная версия
ИС BestProfi