Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 50 Қаулысы
"Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінiң
 2003 жылғы 17 қаңтардағы
 N 50 қаулысымен
 бекiтiлген
Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесi
1. Осы Ереже төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету тәртiбiн белгілейдi.
2. Төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар ету
2. Ұйымдар қызметкерлерге және халыққа төтенше жағдайлардың туындау қаупi және туындауы туралы хабарлайды. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. (17.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары жергiлiктi атқарушы органдармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара iс-әрекет жасай отырып, ведомствоға қарасты аумақтағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады және ол туралы халыққа хабарлайды. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. (17.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында ақпаратты лауазымды адамдардың жасырып қалуына, мезгiлiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат ұсынуына жол берiлмейдi.
5. Жергiлiктi атқарушы органдар қауiп-қатер фактiлерi мен төтенше жағдайлардың алдын алу және сол аумақтағы болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипатына сәйкес олардан қорғану жөнiндегi қажеттi шаралар туралы халыққа және ұйымдарға тоқсан сайын хабарлайды.
6. Халыққа хабарлау үшiн хабарлау жүйесi пайдаланылады. 
Хабарлау жүйесi дегенiмiз табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың қауiп-қатерi және туындауы туралы азаматтық қорғанысты басқару органдарына, авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерiне және халыққа қысқа мерзiм iшiнде  беру жөнiндегi құралдардың ұйымдастырушылық-техникалық бiрлестiгi. 
Хабарланатын ақпарат ұйымдардың радио және сымды байланыстың арналары, радио хабарларын тарату мен теледидар және басқа да техникалық құралдар арқылы беріледi. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. (17.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау
Полная версия
ИС BestProfi