Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
"Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы 11 шілдедегі № 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 тамызда № 7830 тіркелді       
#$Қолданушылардың назарына! Осы Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 116-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176); 2010 жылғы 18 тамызда «Егемен Қазақстан» № 334-335 (26178); 2011 жылғы 11 қыркүйекте «Казахстанская правда» № 239-240 (26300-26301) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарында:
«1 «Қысқа мерзiмдi активтер» бөлiмiнiң шоттары» деген 4-тарауда:
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кiшi бөлiмi – қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.»;
9-тармақтың он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
1230 – «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» өтеу мерзiмi бiр жылға дейiнгi сатылған активтер, орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер, сондай-ақ музыка мектептерінде балалардың оқуы үшiн, мектеп-интернаттарда тәрбиеленушiлердi ұстау үшiн, мектеп жанындағы интернаттарда балалардың нысанды киім-кешегі үшін, тамақтануы үшiн есеп айырысулар есепке алынады. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:
«1231 – «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi», мұнда өтеу мерзiмi бiр жылға дейiнгi сатылған активтер, орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешегi көрсетіледі, кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінде тапсырыс берушілермен орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін және сатылған дайын өнімдер үшін есеп айырысулар, сондай-ақ өндірістік оқыту үдерісінде оқушылар орындаған жұмыстар үшін кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен есеп айырысулар есепке алынады;
1232 – «Төлемдердiң арнайы түрлерi бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек», мұнда өтеу мерзiмi бiр жылға дейiн музыка мектептерінде балалардың оқуы үшiн, интернат мектептерде тәрбиеленушiлердi ұстау үшiн, нысанды киім-кешек үшін, мектеп интернаттардағы балалардың тамақтануы үшiн есеп айырысулар есепке алынады;»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1311 – «Құрылыс материалдары», мұнда құрылыс және монтаждау жұмыстары үдерісінде пайдаланылатын құрылыс материалдары есепке алынады. Құрылыс материалдарына силикат материалдары (цемент, құм, қиыршақ, әк, тас, кiрпiш, қыш), құрылыс металы (темiр, қаңылтыр, болат, табақталған мырыш), металл бұйымдар (шегелер, гайкалар, болттар, құрсаулау бұйымдары), санитарлық-техникалық материалдар (крандар, муфталар, тройниктер), электротехникалық материалдар (кабель, шамдар, патрондар, роликтер, сымдар, сақтандырғыш тетiктер, оқшаулағыштар), химиялық-жағу (сыр, олифа, толь) және басқа осыған ұқсас материалдар жатады;»;
он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1319 – «Өзге материалдар», мұнда құнына қарамастан барлық жануарлар түрлерiнiң төлдерi және бордақылаудағы малдар, құстар, үй қояндар, терiсi бағалы аңдар, малға және басқа жануарларға арналған шөп, пiшен, сұлы және басқа мал азығының түрлерi, егу материалдары, дақылдар, тыңайтқыштар, егер мемлекеттiк мекемелерде жұмыс аттары болса, төлi (құлындары), сондай-ақ қайтарылатын немесе ауыстырылатын ыдыс (күбiлер, бидондар, жәшiктер, шыны банкалар, шөлмектер және басқа да ыдыс), бос (босалқы), сондай-ақ және материалдық құндылықтарымен орналасқан орны толтырылатын шығындары үстеме шығыстардың құрамында құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына жатқызылатын уақытша (атаусыз) құрылыстар, қосалқы жайлар мен қондырғылар және алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетiлмеген басқа да материалдар есепке алынады;
1320 – «Аяқталмаған өндiрiс» аяқталмаған өндіріс қалдықтарын есепке алуға арналған;
1330 – «Дайын өнім», өндiрiстiк (оқулық) шеберханаларының, көмекшi ауылшаруашылық және оқу-тәжiрибелiк шаруашылықтардың дайын бұйымдары мен өнiмдерiн, сондай-ақ дайын баспа өнiмдерiн есепке алуға арналған;»;
«2 «Ұзақ мерзiмдi активтер» бөлiмiнiң шоттары» деген 5-тарауда:
Полная версия
ИС BestProfi