Қорғалу құқығын реттейтін қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы
2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 26 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
Тақырыбы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «ҚІЖК-нің», «процессуалдық», «сезіктіге», «Сезіктіге», «сезіктінің», «сезіктілікті», «сезікті», «сезіктіні» деген сөздер «ҚПК-нің», «процестік», «күдіктіге», «Күдіктіге», «күдіктінің», «күдікті», «күдіктіні» деген сөзбен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Нормативтік Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әркімнің білікті заң көмегін алу құқығы туралы конституциялық ережені, оның ішінде адвокаттың (қорғаушының) қатысуымен іске асыру сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы және тең құқылығы негізінде жүзеге асыруға, іс бойынша ақиқатты анықтауға, заңды, негізделген сот шешімін шығаруға ықпал етеді.
Кіріспе өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қылмыстық процестің барлық сатыларында қорғалуға құқығы бар куәға, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға қылмыстық қудалаудан, айыптаудан және соттаудан қорғалу құқығы заңмен берілген және кепілдік берілген.
Сот практикасын зерделеу сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сот төрелігін іске асыру кезінде конституциялық нормалар мен қылмыстық - процестік заңның қорғалу құқығы туралы талаптарының сақталатынын көрсетті.
Сонымен қатар, қылмыстық процесті жүргізетін органдар қорғалу құқығын реттейтін нормалардың бұзылуына жол беретін, ал адвокаттар оларға берілген қорғауды жүзеге асыру мүмкіндіктерін толық көлемде пайдаланбайтын жағдайлар орын алады.
Қылмыстық-процестік заңдағы кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою, қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғалу құқығын қамтамасыз ету бойынша сот практикасында туындайтын мәселелерді дұрыс әрі біркелкі шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 13-бабында және 16-бабының 3-тармағында танылған және кепілдік берілген, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 26-бабында көзделген қылмыстық процесс қағидаттарының бірі болып табылатын қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның және ақталған адамның қорғалуға құқығы бар.
1-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 жылғы № 10 Нормативтік қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның құқығы - бұл туындаған күдікті теріске шығару немесе жауаптылық пен жазаны жеңілдету үшін заңмен берілген барлық процестік мүмкіндіктердің жиынтығы, сонымен қатар ақталған адамның заңсыз ұстаудан, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарудан, бұлтартпау шарасын қолданудан, сотқа тартудан және соттаудан келтірілген зиянды өтеу құқығы.
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғалу құқығын қылмыстық процестің басқа да қағидаттары жиынтығымен қамтамасыз етуі істі әділ талқылаудың және ол бойынша дұрыс шешім қабылдаудың кепілі болып табылады. Сондықтан қорғалу құқығын бұзушылық ҚПК-нің 9-бабында көзделген салдарға алып келуі мүмкін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қорғаушы ретінде адвокат қатысады, сондай-ақ ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қорғаушылар ретінде тек адвокатпен бірге іске қатысуға құқылы адамдар жіберілуі мүмкін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 9 Нормативтік қаулысымен (06.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 жылғы № 6 Нормативтік қаулысымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 жылғы № 10 Нормативтік қаулысына сәйкес (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Күдікті (қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам) қорғау үшін бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы. Адвокатпен (бірнеше адвокатпен) қатар оны қорғауды ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың біреуі ғана қосымша жүзеге асыра алады. Егер қорғаушы ретінде бірнеше адам қатысқысы келсе, онда олардың ішінен қорғаушыны таңдау қорғауындағы адамның өзіне тиесілі.
5. Адвокат куәлігін және тиісті адамды қорғау туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде адвокат іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 9 (06.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз) Нормативтік қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 жылғы № 6 Нормативтік қаулысына сәйкес (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген басқа адамдар өздерінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, қорғалуға құқығы бар куәмен, күдіктімен, айыпталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.
Алып тасталды ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 9 Нормативтік қаулысымен (06.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
7. Шетелдік адвокаттар Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен өзара түсіністік негiзде жасасқан халықаралық шартының негізінде ғана қорғаушылар ретінде қатыса алады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке куәлікпен, адвокаттың мәртебесін куәландыратын құжатпен, сондай-ақ адвокат пен қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның арасындағы заң көмегін көрсету туралы келісіммен расталуға тиіс.
8. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар ҚПК-нің 67-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының міндетті қатысуы туралы заң талабын қатаң орындауы қажет. Көрсетілген норма ережелерінің сақталмауын процестік заңның елеулі түрде бұзылуы деп қараған жөн, ал жиналған материалдар дәлелдемелік күші жоқ деп танылуы мүмкін.
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Қорғалу құқығының бұзылуы деп қорғалуға құқығы бар куәға, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға қорғаушыны ұсынбау ғана емес, сонымен қатар олардың процестік құқықтарын кез келген шектеулер, атап айтқанда ана тілін немесе өздері білетін басқа тілді қолдану айғақтар беру, дәлелдемелер ұсыну, өтінішхат мәлімдеу, дәлелдемелерді зерттеуге және сот жарыссөзіне қатысу, соңғы сөз айту, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағым келтіру және басқалары танылуы мүмкін екенін ескерген жөн.
9-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Заңда қорғаушының міндетті түрде іске қатысуына негіз болатын дене бітімінің және психикасының кемістіктері тізбесі көрсетілмегендіктен, әрбір нақты жағдайда қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның және ақталған адамның өз кемістіктеріне байланысты қорғалу құқығын іс жүзінде толық көлемде жүзеге асыра алу мүмкіндігінің бар-жоғы не оның кемістіктер дәрежесі оған заңмен берілген құқықтарын пайдалануға едәуір қиындық туғызатыны негізге алынуы қажет.
10-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдардың қатарына есінің дұрыс еместігін жоққа шығармайтын, психикасының бұзылуынан, сондай-ақ сөйлеу, көру, есту кемістігінен немесе басқа ауыр дерттен зардап шегетін адамдарды да жатқызу қажет.
Адамның дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өзі қорғау қабілеті күмән туғызғанда, ҚПК-нің 271-бабының бірінші бөлігінің 4-тармағына сәйкес сараптама тағайындау және жүргізу міндетті.
11. ҚПК-нің 64-бабының бірінші бөлігінде көзделген қандай да бір әрекетті жүргізу сәтінен бастап күдіктіге іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жария етуге дейін оған қорғаушы беру туралы заң талабы мүлтіксіз орындалуға жатады.
11-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 жылғы № 6 Нормативтік қаулысымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 жылғы № 10 Нормативтік қаулысымен (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы талаптарды орындау үшін ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамды қорғаушы ретінде қатыстыру туралы тиісті қаулы, ал адвокатқа қатысты іске кіріскен адвокатты қорғаушы ретінде тану туралы қаулы шығаруы тиіс. Іске қорғау туралы жазбаша хабарлама, қорғаушы ретінде қатысуға рұқсат етілген өзге адамның құжаттары қоса тігіледі.
12. Адвокат іске қорғаушы ретінде кіріскен сәттен бастап қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге алғашқы жауап алуға дейін қорғаушымен оңаша және құпия кездесуіне нақты мүмкіндік жасап, олардың саны мен ұзақтығын шектемеуі тиіс.
12-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 жылғы № 10 Нормативтік қаулысымен (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар қорғалу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ қорғаушыға өзінің қорғау функциясын орындауы үшін жағдай жасау мақсатында қорғаушылар мен олардың қорғауындағы адамдарынан қандай процестік әрекеттерге бірлесіп қатысқанды қажет деп санайтынын анықтап, оларға сондай мүмкіндік беруге міндетті.
13-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 жылғы № 6 Нормативтік қаулысымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдетте қорғаушы күдіктінің құқықтарын түсіндіру және одан жауап алу, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау жүргізуде тергеу эксперименті, тануды беттестіру прокурордың жауап алуы және бұлтартпау шарасын таңдау, тағайындалатын сараптаманың сұрақтарын құрастыру және маманды тарту кезінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы және сот талқылауы кезеңдерінде қатысуы тиіс.
Прокурордың процестік әрекеттерге қатысуы немесе іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процестік әрекеттерді өзінің жүргізуі, егер қорғаушының іске қатысуы заңда тікелей көзделсе, оның қатысуын жоққа шығармайды.
Қорғаушы өзі қорғайтын адамның қатысуымен жүргізілетін барлық тергеу және процестік әрекеттерге, сондай-ақ қорғауындағы адамның өтінішхаты не қорғаушының өз өтінішхаты бойынша жүргізілетін басқа да процестік әрекеттерге қатысуға құқылы.
Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның олардың қорғаушыларының қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу-қатыспауына қарамастан, өздеріне тиесілі барлық қорғалу құқықтары сақталады және оларды кемсіту қорғалу құқығын бұзушылық болып табылады.
14. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қаражатының бар-жоғына қарамастан, оған қорғаушы тағайындау мүмкіндігі туралы құқығы түсіндіруге тиіс.
14-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 жылғы № 6 Нормативтік қаулысымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 жылғы № 10 Нормативтік қаулысымен (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қорғаушыдан бас тарту сот ісін жүргізудің кез келген сатысында тек күдіктінің, айыпталушының, сотталушының бастамасы бойынша қорғаушының қатысуымен ғана жол берілуі мүмкін және бұл заң көмегі үшін төленетін қаражатының жоқтығына байланысты болмауға тиіс. Адвокаттың еңбегіне ақы төлеу үшін іс жүзінде қаражат болмаған кезде қорғаушыдан бас тарту мәжбүрлі деп танылып, қабылданбауы тиіс.
Қорғаушыдан бас тарту туралы өтінішхат бойынша шешім ҚПК-нің 99-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес уәжді қаулымен ресімделеді, оған қорғаушы, күдікті, айыпталушы, сотталушы өз қолдарын қойып, дереу таныстырылуы тиіс. Қорғаушының қатысуы қылмыстық іс материалдарына қорғау туралы жазбаша хабарламаны не қорғаушы ретінде қатысуға рұқсат берілген өзге адамның тиісті құжатының көшірмелерін қоса тігу арқылы расталады.
15. Қорғаушыдан бас тарту ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда қабылданбайды.
15-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 жылғы № 10 Нормативтік қаулысымен (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қорғаушыдан бас тарту істің белгілі бір мән-жайларына (айыптаудың ауқымдылығы, жауаптылыққа тартылатын адамдар санының айтарлықтай болуы, күдікті, айыпталушы, сотталушы үшін зерттелуі күрделі материалдардың істе болуы және т.с.с.) байланысты да қабылданбауы мүмкін.
ҚПК-нің 94-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша, қорғаушыны іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттету қылмыстық процесті жүргізетін органды күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны беру міндетінен босатпайды.
Қорғаушыны іске қатысудан шеттеткен кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган қаулы шығарады, оған сотқа дейінгі іс жүргізуде ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен, ал басты сот талқылауында ҚПК-нің 422-бабының ережелері бойынша шағым жасалуы мүмкін.
16. Қорғалуға құқығы бар куәні, күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны айғақтар беруге, оған тағылған айыпты мойындатуға, заттай дәлелдемелер беруге өзіне қарсы куәлік етпеу құқығының бұзылуына байланысты өзге де әрекеттер жасауға мәжбүрлеу, қорғалу құқығын елеулі түрде бұзушылық деп қарастырылған жөн.
16-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 жылғы № 10 Нормативтік қаулысымен (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осыған байланысты қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның өзіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының заңсыз әдістерді қолдануы туралы арызы мұқият тексерілуі тиіс және ол расталған жағдайда істің тиісті материалдары процестік заңның талаптары бұзыла отырып алынуына байланысты дәлелдемелік күші жоқ деп танылуға тиіс.
17. ҚПК-нің 31-бабына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттері мен шешімдеріне қылмыстық-процестік заңда белгіленген шағым жасау құқығы мен тәртібі түсіндірілуге тиіс.
17-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғалу құқығының бұзылуы басты сот талқылауын тағайындау үшін кедергі болмайды. Мұндай бұзушылықтың елеулілігі басты сот талқылауында дәлелдемелердің жол берілетіндігі мен анықтығын және олардың сотталушының кінәлілігін немесе кінәсіздігін шешуге жеткіліктілігін бағалау кезінде ескерілуге тиіс.
18-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 жылғы № 10 Нормативтік қаулысымен (11.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары жол берген қорғалу құқығын бұзушылықтар іс бойынша жиналған дәлелдемелерді жол берілмейтін деп тануға негіз болған және айыптау тарапы сотталушының кінәсін дәлелдейтін өзге дәлелдемелер ұсынбаған жағдайларда, сот ақтау үкімін шығаруға міндетті.
19-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Соттар қорғаушысының болған-болмағанына қарамастан, сотталушының сот жарыссөзіне қатысуын ескеруі қажет. Сотталушыны аталған құқықтан айыру, сондай-ақ оған соңғы сөз бермеу, тағылған айып бойынша дәлелдерін баяндауына шектеу қою ҚПК-нің 436-бабына сәйкес үкімнің күшін жоюға әкеп соғатын оның қорғалу құқығын бұзушылық болып табылады.
20-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21. Сотталған адамды (ақталған адамды) өзі білетін тілде үкімнің (қаулының) көшірмесін алу, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер беру, процестің басқа қатысушыларының шағымдарымен (прокурордың өтінішхатымен) танысу және оларға қарсылық білдіру құқықтарынан айыру, олардың шағымдары мен қарсылықтарын қабылдаудан заңсыз бас тарту қорғалу құқығын бұзушылық болып табылатынын соттар ескергені жөн.
21-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 жылғы № 6 Нормативтік қаулысымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарылған ақталған адамға, айыпталушыға (күдіктіге), сотталушыға, ақталған адамға қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеткізу құқығын түсіндірмеу де қорғалу құқығын бұзушылық болып табылады.
22. Қорғаушы өз бастамасы бойынша сотталған адамның, ақталған адамның мүддесі үшін, сот істі қарау кезінде заңсыз шешімнің күшін жоюға әкеп соғатын процестік құқықтарды елеулі бұзушылықтарға жол берген іс бойынша сот шешіміне шағым жасауға құқылы. Сотталған адамды (ақталған адамды) сот аталған шағыммен таныстыруға және оған шағымды кері қайтарып алу құқығын түсіндіруге міндетті.
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Егер айыптау тарапының шағымында немесе өтінішхатында күзетпен ұсталатын сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, бірінші сатыдағы сот оған апелляциялық сатыдағы отырысқа қатысу құқығын түсіндіруге міндетті. Сотталған адамның қарсылықтары мен оның алқа отырысына қатысу жөніндегі пікірі іс материалдарына қоса тігіледі.
23-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 9 Нормативтік қаулысымен (06.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
23-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
23-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 жылғы № 6 Нормативтік қаулысымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған сотталған адамның өз өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысуы істің мән-жайларын жан-жақты, толық зерттеудің және шағымды немесе прокурордың өтінішхатын объективті түрде қараудың қосымша кепілі болып табылады.
Сотталған адамның (ақталған адамның) көрсетілген құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін заң талаптарын бірінші сатыдағы соттардың сақтағаны-сақтамағанын апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар мұқият тексерулері қажет.
Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы ҚПК-нің 67-бабында көрсетілген жағдайларда және ҚПК-нің 428-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Қорғаушының кассациялық сатыда қатысуы ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Іс сотталған адамның, ақталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын жәбірленушінің (азаматтық талапкердің), олардың өкілдерінің өтінішхаты, прокурордың өтінішхаты бойынша қаралатын жағдайларда қорғаушының кассациялық сатыда қатысуы міндетті болып табылады.
24. Сотталған адам, ақталған адам апелляциялық, кассациялық сатыларда қорғаушыдан бас тартқан және өзі берген шағымды (өтінішхатты) кері қайтарып алған жағдайда, егер істі қарау үшін заңда көзделген басқа да негіздер болмаса, қорғаушының шағымы (өтінішхаты) бойынша қозғалған іс жүргізу тоқтатылады. Қорғаушыдан бас тарту қабылданбаған кезде шағым (өтінішхат) іспен бірге мәні бойынша қаралады. Қабылданған шешімдер туралы қаулы қабылданады.
24-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 9 Нормативтік қаулысымен (06.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
24-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер шағымды (өтінішхатты) бірінші сатыдағы сотқа қатысқан қорғаушы берсе, ал үкім шығарылғаннан кейін іске басқа қорғаушы қатысса, ол жаңа дәлелдер келтіріп не бұрынғы дәлелдерді өзгертіп, апелляциялық шағымға (өтінішхатқа) толықтырулар беруге құқылы.
25. Сотталған адамдарға қатысты үкімдерді орындауға байланысты мәселелерді қарау кезінде ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының іске қатысуы міндетті екенін соттардың ескергені жөн. Заңның көрсетілген талабының орындалмауы сот қабылдаған қаулының күшін жоюға алып келетін қорғалу құқығын бұзу болып табылады.
25-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26. Қылмыстық істерді қараған кезде апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар қылмыстық процесті жүргізетін органның күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғалу құқығымен қамтамасыз еткен-етпегенін мұқият тексеріп, осындай заң бұзушылықтарды ден қоюсыз қалдырмауы тиіс.
26-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2010 № 9 Нормативтік қаулысымен (06.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
26-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Адвокаттардың өз міндеттерін тиісінше атқармағаны (формальды қатысу, процестік әрекеттердің таза бланктеріне қол қою, қылмыстық сот ісін жүргізу барысында жол берілетін заң бұзушылықтарды ден қоюсыз қалдыру және т.б.) фактілері анықталған жағдайда, соттар жекеше қаулылар шығару арқылы ден қоюға құқылы.
27. Адвокаттың заң көмегін көрсеткеніне бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу туралы қаулы шығару кезінде соттарға ҚПК-нің 178-бабына сәйкес аталған норманың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ақы төлеуге байланысты процестік шығындарды сотталған адамнан өндіріп алу арқылы мемлекетке өтеу туралы мәселені бір мезгілде шешу қажет екені түсіндірілсін.
27-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
27-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қорғаушы ҚПК-нің 67-бабының үшінші бөлігіне, 76-бабының екінші бөлігіне сәйкес іске қатысқан жағдайларда, мемлекетке шығыстарды өтеуден босатуға жол беріледі.
Адвокатқа төленуге жататын соманы есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жалақының ең төменгі мөлшеріне пайыздық арақатынаста есептелетін сағаттық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
28. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
28-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)