«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 41) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 608 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес «Азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.11.2015 жылғы № 1030 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 608 қаулысымен бекітілген
Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ереже 1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі (бұдан әрі - ӨДҚ) туралы үлгі ереже азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ӨДҚ функциялары мен міндеттерін айқындайды.
2. ӨДҚ өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, осы Ережені, сондай-ақ азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
3. ӨДҚ-ге басшылық етуді азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысына тікелей бағынатын ӨДҚ бастығы жүзеге асырады.
4. ӨДҚ штаты азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
2. ӨДҚ міндеттері
5. ӨДҚ міндеттері:
1) әуежай мен авиакомпания, аэронавигация, метео қамтамасыз ету қызметтері және басқа ұйымдар, соның ішінде ұшудың тәуліктік жоспарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесіне (бұдан әрі - ӘК) қызмет көрсету кезіндегі мемлекеттік ұйымдар (шекаралық, кедендік қызметтер) арасындағы өзара іс-қимыл процесін жедел басқаруды жүзеге асыру;
2) азаматтық авиация ұйымы қызметтерінің және бөлімшелерінің өзара іс-қимылын және ұшудың тәуліктік жоспарын қамтамасыз ету бойынша өндірістік қызметіне жедел басшылық етуді ұйымдастыру;
3) азаматтық авиация ұйымының қызметтері мен бөлімшелерінің басшыларымен бірлесіп, істен шығу жағдайларын, рейстердің кідіруін болдырмау бойынша жедел шаралар қабылдау болып табылады.
3. ӨДҚ функциялары
6. ӨДҚ функциялары мыналар болып табылады:
1) ұшудың тәуліктік жоспарына өзгерістер мен толықтырулар бойынша жедел шешімдер қабылдау, ұшу тұрақтылығының бұзылуын талдау және болғызбау;
2) ұшудың тәуліктік жоспарына сәйкес рейстерді орындайтын ӘК ұшу алдындағы дайындық және ұшудан кейінгі қызмет көрсетудің технологиялық кестесінің орындалуын бақылауды, литерлік және бақылаудағы рейстерді дайындау және қызмет көрсетілуін бақылауды ұйымдастыру;
3) әуе қозғалысының басқару, әуе қорғанысы желісі бойынша ұшуды жоспарлау және қамтамасыз ету;
4) ұшуды орындау бойынша азаматтық авиация ұйымдары мен басқа да ұйымдардың қызметтерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
5) ӘК жөнелтілу есебін және тұрақтылығын жасау;
6) экипаждарды ұшуға дайындау барысын бақылау, ӘК экипаждарын межелі және запастағы әуеайлақтардың техникалық жай-күйі, межелі әуеайлақтардағы және ұшу бағыты бойынша шектеулер мен тыйым салулар туралы қажетті ақпаратымен, ұшуға шешімдер қабылдау үшін басқа да қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
7) тиісті қызметтерге ӘК отын құю бойынша өзгерістер туралы уақтылы хабарлау;
8) тұрақтылық бұзылған кезде жолаушылар мен жүктерді жөнелтуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
9) рейстерді біріге атқару және болдырмау бойынша, қосымша рейстерді және коммерциялық орындылықты және нақты қалыптасқан жағдайды негізге ала отырып, авиакомпания басшысымен келісім бойынша резервтік ӘК пайдаланып, қосымша қонатын рейстерді орындау бойынша шаралар қабылдау;
10) ұшудың тәуліктік жоспарын түзетуді жүргізеді, оны азаматтық авиация ұйымының қызметтерімен келіседі;
11) ӘК жөнелтілу кезінде жолаушыларға қызмет көрсету қызметімен бірлесіп, оның жүк көтергіштігі мен жолаушылар сыйымдылығының тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады, ӘК-ні толық емес коммерциялық тиеумен жөнелтілу себебін талдайды;
12) кестеден тыс рейстерді орындау туралы шешім қабылдайды және оларды жоспарланған межелі әуежайда және қажет ӘК әуежай кәсіпорнына келуі туралы жоспарды алған кезде аралық қону әуежайларында қабылдауды ұйымдастырады;
13) ӘК қабылдау және шығарудың орындылығы туралы, қабылдау және есептесу шарттары туралы шешім қабылдайды;
14) технологиялық кестеге сәйкес ұшақтарды кезеңдік дайындау барысын жедел бақылауды және есепке алуды жүргізеді;
15) қажетті ақпаратты жинауды, өңдеу мен беруді және әуе кемесінің қозғалысын, метеожағдайлар және басқа да себептер бойынша әуежайларды ашу мен жабуды қамтамасыз етеді. Қызметтердің ішкі ақпарат табельдерін орындауын бақылайды;
16) литерлік, бақылаудағы халықаралық рейстердің және шетелдік авиакомпаниялар ұшақтарының дайындығын бақылауды қамтамасыз етеді;
17) ӘК-ні жөнелтуді кідірту (болдырмау) себебін және оларға уақтылы қызмет көрсетілмеу себебін анықтайды және талдайды. ӘК жөнелтулері тұрақтылығының жай-күйін және ақпараттық-анықтамалық жұмысты талдайды;
18) әуежайыдан ӘК-ні жөнелту тұрақтылығына есеп жасайды. Әуежайдағы барлық ұшу бойынша есептік құжаттаманың ресімделуін бақылауды ұйымдастырады;
19) басқа қызметтермен бірге ӘК жөнелтулерін кідіртудің (болдырмаудың) алдын алу, ӘК-ні ұшуға дайындаудың технологиялық процесін жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді;
20) Қонатын әуежайда авиациялық отынның шектеулі қоры болған кезде тәуліктік жоспарға сәйкес ұшуды орындайтын ӘК-ге қосымша отын құю жөнінде ұсыныстар дайындайды;
21) тәуліктік жоспарға сәйкес ұшудың барлық тереңдігінде ӘК қозғалысын бақылайды;
22) кәсіпорын қызметтерінің авиациялық жұмыстардың, тасымалдау және ұшу тұрақтылығының тәуліктік жоспарын қамтамасыз ету бойынша басшының нұсқауларын ұйымдастырады және бақылайды;
23) өндірістік қажеттілік мақсатында азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының шешімі бойынша ӨДҚ-ға ұшудың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа да міндеттер жүктелуі мүмкін;
24) авариялық жағдай туындаған кезде авиациялық оқиғалар, оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезінде хабардар ету және байланыс жоспарына сәйкес азаматтық авиация ұйымының басшылығын және басқа ұйымдарды хабардар етеді.
Полная версия