Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2015 жылғы № 1023 Бұйрығын қараңыз
Редакция 21.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1522 қаулысымен
 бекітілген
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (II бөлім) 6-қосымшасына (1944 ж. Чикаго) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз киллограммнан кем болатын және сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын, сондай-ақ сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмннан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивты (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларды жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындауға жіберу тәртібін анықтайды.
3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) өтініш беруші – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретінде есепке тұру немесе жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындау құқығына арналған куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
2) ұшуды орындау құқығына арналған куәлік – Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидасында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін құжат;
3) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы – әуе кемесін жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшу үшін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жалпы мақсаттағы авиация ұшуы – коммерциялық әуе тасымалы немесе авиациялық жұмыстарды орындауға байланысты ұшудан басқа, әуе кемелерінің ұшуы;
5) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық – ұшудың тәртібін, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын регламентейтін құжат;
6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы – осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы және жоспарлы емес барлық жұмыстардың уақтылы және қанағаттанарлықтай орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат.
2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз киллограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу
4. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберуге мынадай шарттарды сақтау:
Полная версия
ИС BestProfi