1. Қоса беріліп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 406 Қаулысы
Осы редакция 18.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі;
2) Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің),
сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 406 қаулысымен бекітілген
Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже)»"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырудың бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
2. Жеке немесе заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) қатысты мәліметтерді Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде, мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде сақтау үшін жүзеге асырылады.
3. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) 12 цифрды қамтиды және төрт бөліктен тұрады:
1) бірінші бөлік - 6 цифрдан тұрады және жеке тұлғаның туған жылын (соңғы екі цифр), туған айын және күнін қамтиды;
2) екінші бөлік - 1 цифрдан тұрады және жеке тұлғаның жынысын
және оның туған ғасырын қамтиды және мынадай түрде анықталады:
Полная версия