Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 895 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес
«Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 18.03.2015 жылғы № 215 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-4-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 30 маусымдағы
 № 895 қаулысымен
 бекітілген
Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
1. Осы Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 158-4-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласындағы кәсіби верификация және валидация (детерминация) қызметін жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды (бұдан әрі - өтініш берушілер) аккредиттеуден өткізу, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласындағы кәсіби верификация және валидация (детерминация) қызметін, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды орындауға өтініш берушінің құзыретін ресми тану рәсімі;
2) валидация (детерминация) – аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттамалардың әдістемелерін пайдаланудың және оларды дайындау тәртібінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру;
3) верификация – парниктік газдар шығарындыларын азайту саласында аккредиттелген тәуелсіз ұйым қабылдаған ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға қатысты деректерді растау процесі;
4) парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау – табиғат пайдаланушы мәлімдеген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына есепті кезеңдегі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемі туралы есепте ұсынылатын парниктік газдар шығарындыларының көлемін аккредиттелген тәуелсіз ұйымның растау процесі;
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласындағы кәсіби верификация және валидация (детерминация) қызметін жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарға аккредиттеу, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүргізеді және өзінің интернет-ресурстарында орналастырылатын аккредиттеу туралы куәлікті алған, сондай-ақ куәліктерінің қолданысы тоқтатылған аккредиттелген ұйымдардың деректер қорын қалыптастырады.
4. Өтініш беруші заңды тұлғалар аккредиттеуден өту үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгі нысан бойынша өтініш;
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері: салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын немесе құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынумен ұйым жарғысы, заңды тұлға немесе заңды тұлға филиалы ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) ұйымдардың біліктілігін халықаралық танылғандығын немесе осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарында көрсетілген кәсіби қызметтің мәлімделген салалары бойынша кәсіби қызмет тәжірибесі бар кемінде екі қызметкердің болуын растайтын құжат;
ұйымдарда кәсіби қызметтің мәлімделген салалары бойынша аккредиттеу үшін халықаралық танылған біліктілік тәжірибесінің болуы ББҰ климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі Бақылаушы комитеттің аккредиттеу туралы құжатымен расталады;
кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша аккредиттеу үшін қызметкерлердің жұмыс тәжірибесінің болуы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес бұрын аккредиттелген және растауды ұсынған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тиісті жұмыстарды жүргізген ұйымның анықтамасымен расталады.
4) осы Қағидаларғы 2-қосымшаға сәйкес кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің тізімі;
уәкілетті орган заңды тұлғаның құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінімді одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. Құжаттардың толықтығын қарауға арналған мерзім аяқталғаннан кейін өтініш берушінің құжаттардың толық емес пакетін ұсынуы өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
5. Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу кәсіби қызметтің мынадай салалары бойынша (тиісті жобалар іске асырылатын экономика салалары) жүргізіледі:
1) тау-кен металлургия (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
4) орман шаруашылығы және көгалдандыру;
7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу;
6. Парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу олардың кәсіби қызметінің мынадай салалары (парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарына жатқызылатын экономика салалары) бойынша жүргізіледі:
7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша өтініш тапсырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе дәлелді түрде бас тартады.
8. Аккредиттеуден бас тарту туралы шешім егер ұсынылған құжаттарда дәйексіз мәліметтер болған жағдайда қабылданады.
9. Аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге беріледі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікте берілетін кәсіби қызметтің түрін (түрлерін) және саласын (салаларын) көрсетеді.
11. Аккредиттеу туралы куәлік өтініш берушіге немесе өтініш берушінің атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген сенімхат негізінде уәкілетті өкіліне қолын қойғызып беріледі.
12. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлға қайта тіркелген (атауы өзгерген) жағдайда қайта ресімдеуге жатады. Аккредиттелген ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттарды бере отырып, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтінішті заңды тұлғаны қайта рәсімдеу туралы куәлік берілген күннен бастап бір ай ішінде береді.
13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді не дәлелді түрде бас тартады.
Бұрын берілген аккредиттеу туралы куәліктің күші жойылды деп танылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз ұйымдардың деректер базасына тиісті ақпарат енгізеді.
14. Берілген аккредиттеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда бұрын аккредиттелген ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәліктің түпнұсқасын беру туралы өтініш береді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылған;
2) аккредиттеу туралы куәлік алған ұйымның кәсіби қызметін тоқтату туралы жазбаша өтініші;
3) верификацияға және валидацияға (детерминация), парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бірнеше рет бұзылған жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.
16. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген тәуелсіз ұйымдар жөніндегі деректер базасына тиісті жазба жүргізеді.
17. Осы Қағидалардың 7 және 13-тармақтарында көрсетілген жағдайларда егер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік бермесе (қайта рәсімдемесе) немесе белгіленген мерзімде дәлелді бас тарту ұсынбаса, онда аккредиттеу туралы (аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу туралы) шешімді өтінім беруші алды деп есептеледі және аккредиттелген ұйымдар жөніндегі деректер базасына тиісті жазба енгізіледі.
Бұл жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге аккредиттеу туралы куәлік беру немесе дәлелді түрде бас тарту үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде аккредиттеу туралы куәлікті береді.
3. Аккредитеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта қалпына келтіру
18. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
19. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген тәуелсіз ұйымдар жөніндегі деректер базасына аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы тиісті жазба жүргізеді.
Верификацияны, валидацияны
 (детерминацияны) және парниктік газдарды
 түгендеу туралы есепті растауды
 жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды
 аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша
_______________________________________________________________ (ұйымның атауы) кәсіби қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыру үшін:
_____________________________________________________________________        
(осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес көрсетіледі)  мынадай салалар бойынша жұмыстарды жүргізе отырып,  _____________________________________________________________________       
(осы Қағидалардың 4 -5-тармақтарына сәйкес көрсетіледі)  аккредиттеуден өткізуді сұраймын.
Басшы _________________________________________________________                 
 (мөрдің орны) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Верификацияны, валидацияны
 (детерминацияны) және парниктік газдарды
 түгендеу туралы есепті растауды
 жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды
 аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша
Кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің тізімі
 
р/с № Қызметкердің Т.А.Ә. Тұратын жері Жобаларды, парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау бойынша жүргізілген ұйымның атауын көрсете отырып, кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша аккредиттеуге арналған бұрынғы жұмыс тәжірибесі Қызметкердің қолы
1.



Верификацияны, валидацияны
 (детерминацияны) және парниктік газдарды
 түгендеу туралы есепті растауды
 жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды
 аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 158-4-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________                        
(ұйымның атауы)   мынадай кәсіби қызметтің түрлерін жүзеге асыру үшін
_____________________________________________________________________  мынадай салалар бойынша жұмыстарды жүргізе отырып
 _____________________________________________________________________  аккредиттеледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
Полная версия
ИС BestProfi