"2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі N 396 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6357 болып енгізілді
1. «2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 289 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6326 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 289 – 290 (26134) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2010/2011 оқу жылына арналған сырттай оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
3. Қаржы департаменті (Т. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған студенттер контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыру кезінде жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескерсін.