Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.01.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 21 шілде N 1020.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі туралы ереже бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі 
агенттігіне бір орынбасары болуына рұқсат етілсін.
     
3. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі 
агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 
жылғы 12 қаңтардағы N 8  

 
  қаулысының (Қазақстан Республикасының 
ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 5-құжат) күші жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Yкiметiнiң
                                        1999 жылғы 21 шілдедегі
                                          N 1020 қаулысымен
                                               бекiтiлген
     
         Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
          демография жөнiндегi агенттiгi туралы
                         Ереже
     
                    1. Жалпы ережелер
     
1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Yкiмет құрамына кiрмейтiн, заңдарда көзделген шектерде, - көшi-қон және демография саласындағы басшылықты, сондай-ақ салалық үйлестiрудi, өзге де арнайы атқарушылық және шешушi функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. 
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Егер Агенттiкке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
4. Агенттiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Төрағаның бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 
5. Агенттiктiң ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 
6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 473039, Астана қаласы, Әуезов көшесi 103 "а". 
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi. 
8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 
9. Агенттiктiң атқаратын қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен ғана жүзеге асырылады. 
Агенттікке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады. 
Егер Агенттiкке заң актiлерiмен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқықтар берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 
Полная версия
ИС BestProfi