Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң кейбiр мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 98 қаулысы
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігінiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегі N 1020 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 319-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігі туралы ережеде:
11-тармақта:
1) тармақша "көшi-қон процестерiн" деген сөздер "көшi-қон және демографиялық процестердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша "көшi-қон" деген сөздерден кейiн "және демография" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшада:
"қоныс аудару" деген сөздер "көшiп келу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қоныс аударушыларды" деген сөздер "оралмандарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақша "қоныс аударушыларды" деген сөздерден кейiн ", оралмандарды" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) өз құзыретi шегiнде әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;";
12) тармақшада мемлекеттік тілдегi мәтiнде "оралмандарды" деген сөз өзгерiссiз қалады;
14) тармақша "халықтың көшi-қоны" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы халықтың көшi-қоны және демография" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
3) тармақша "қоныс аударушылар" деген сөздерден кейiн
", оралмандар" деген сөзбен толықтырылсын;
Полная версия