Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
«Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен, тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 792 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта женелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 4 тамыздағы
 № 792 қаулысымен
 бекітілген
«Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:
жолаушылар, багаж, жүк-багаж және пошта жөнелтімдерін тасымалдау процесі;
3. Адамның өміріне немесе денсаулығына, жүктердің және пошта жөнелтімдерінің сақталуына, адамдардың багажы, жүк-багажы, жүктер мен пошта жөнелтімдерінің сақталуына, қоршаған ортаны қорғауға зиян келтіру мүмкіндігіне қатысты тасымалдау процесі кезінде болдырмау тиіс қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер) мыналар болып табылады:
жолаушылардың тоқтатқыш кранды пайдалану салдарынан жарақат алу қаупі;
жолаушылардың жүріп-тұруына қиын жағдайлар туғызған өтетін жерлердегі кептелістер;
тыйым салынған багажды, жүк-багажды және/немесе қауіпті жүкті тасымалдау салдарынан химиялық улану ықтималы;
тасымалдау кезінде багаждың, жүктердің, жүк-багаждың және пошта жөнелтімдерінің бұзылу жағдайындағы олардың құндылықтарын жоғалту ықтималы.
4. Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру темір жол саласындағы қызметін жүзеге асыратын тасымалдаушылар, жолаушылар, ұйымдар, жүк жөнелтушілер, жүк алушылар арасындағы қатынастарды реттеу кезінде ұсынылған құжаттамаға сәйкес және көзбен шолып жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi