Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.12.1998
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 желтоқсан N 1512. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.21. N 1305 қаулысымен. 
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi Республикалық үшжақты комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452  қаулысына 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 545-құжат) мынадай 
өзгерiстер енгiзiлсiн:
     Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
өкiлдерiмен реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссияның
құрамына мына адамдар енгiзiлсiн:
     Дүйсенов Д.Т.      - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                          орынбасары
     Ертiлесова Ж.Ж.    - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                          бiрiншi орынбасары
     Коржова Н.А.       - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
                          әлеуметтiк қорғау министрi
     Шитиков В.Г.       - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының
                          жауапты қызметкерi;
     Г.Г. Штойк, М.К. Кетебаев, П.И. Крепак, С.Қ. Қожахметова аталған
құрамнан шығарылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
      
      
Полная версия
ИС BestProfi