Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2020
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ереже мен Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы N 383 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда N 7048 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-237/2020 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 17.02.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 130-бабының 2-тармағына және «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2184 Заңына сәйкес және денсаулық сақтау ұйымдарында алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдар туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп қағидасы бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтау басқармаларының басшылары осы бұйрыққа сәйкес алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардың жұмысын ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғашқы жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрі                  С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2011 жылғы 10 маусымдағы
 № 383 бұйрығына
 1-қосымша
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ереже
1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым (бұдан әрі - наркологиялық ұйым) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Наркологиялық ұйым тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде емдеу көмегін көрсетеді. ТМККК Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджеттік қаражаттың есебінен ұсынылады және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес барынша дәлелді тиімділікке ие, оның ішінде стационар жағдайындағы профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
3. Наркологиялық ұйым мен оның жұмыс режимі алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын наркологиялық науқастардың (бұдан әрі - наркологиялық науқастар) психикалық жағдайын өзгертетін заттардың (алкоголь, есірткілер, психикаға белсенді әсер ететін басқа да заттар) наркологиялық ұйым аумағына кіруін мүлдем болдырмайды
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2011 № 770 (10.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Наркологиялық ұйымның басшылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органы тағайындайтын және жұмыстан босататын бас дәрігер жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi