Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021
Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы N 685 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5918 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-264/2020 Бұйрығына сәйкес  
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 жылғы № 995 Бұйрығына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 20.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 жылғы № 995 Бұйрығына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 жылғы № 995 Бұйрығына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігі белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізудің әдістемелік нұсқауы мен талдауын жүргізу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
"Аурудың алдын алу және науқастардың жекелеген санаттарын ұдайы медициналық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 853 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1372 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" 2001 ж., N 15, 366-құжат жарияланған);
"Жекелеген санаттардағы науқастар ауруларының алдын алу және динамикалық медициналық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 853 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2055 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" 2003 ж., N 2, 768-құжат жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 7 қарашадағы N 999 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы                                   Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 995 бұйрығына
1-қосымша
Осы Бұйрық 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 жылғы № 995 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары
Осы Нысаналы топтар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.10.2019 жылғы № ҚР ДСМ-133 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Нысаналы топтар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.04.2020 жылғы № ҚР ДСМ-22/2020 Бұйрығымен (03.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 жылдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)

р/с №

Нысаналы топ

Профилактикалық медициналық қарап тексеру түрі

1

18 жасқа дейінгі балалар

Ауруды ерте айқындауға

2

30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтетін әйелдер мен ерлер

Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға

3

Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер

Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған

4

Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық қарап-тексеру

5

Глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Глаукоманы ерте анықтауға

6

Сүт безінің қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер

Сүт безінің обырын ерте анықтауға

7

Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Колоректалдық обырды ерте анықтауға

8

Қауіп топтары:

1) медицина қызметкерлері:

- қанды өңдеуге қатысатын инвазивті ем-шараларды жүргізетін, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары;

-хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін;

-клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;

2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;

3) гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;

4) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып қондыруды алатын пациенттер;

5) Жүкті әйелдер;

6) Инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер, секс қызметкерлері

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға

Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 міндетін атқарушының
 2009 жылғы 10 қарашадағы
 N 685 бұйрығымен
 бекітілген
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2011 № 145 (10.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен(ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.12.2014 жылғы № 361 Бұйрығымен (26.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 жылғы № 995 Бұйрығына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.10.2019 жылғы № ҚР ДСМ-133 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi