Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021
"Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы N 145 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 сәуірде N 6902 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-264/2020 Бұйрығына сәйкес   
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 155-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, 2010 ж., № 3) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаменті (К.С. Болтаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны ресми алғашқы жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.
денсаулық сақтау министрі                  С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2011 жылғы 16 мамырдағы
 № 145 бұйрығына
 1-қосымша
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесі
1. Осы Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы халқының нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу тәртібі мен кезеңділігін анықтайды.
2. Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру - бұл ауруларды ерте сатыда анықтауға және аурулардың дамуын, қауіп факторларын, қосалқы аурулардың туындауын болдырмауға және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған скринингтік тексерулер.
3. Скринингтік тексерулер осы қызметтің түріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде жүргізіледі.
4. Облыстарды, республикалық маңызы бар қала мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - Басқарма):
1) осы Ережеге сәйкес халықтың нысаналы топтарына жыл сайын скринингтік тексерулер жүргізуді;
2) скринингтік тексерулердің электрондық деректер базасын қалыптастыруды;
Полная версия
ИС BestProfi