Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 18.07.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) қазақстандық бөлiгі туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 12 желтоқсан N 1304
Халықаралық шарттарды iске асыру, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) қазақстандық бөлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi Үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 38-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 12 желтоқсандағы
 N 1304 қаулысымен
 бекiтiлген
Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердің) қазақстандық бөлiгi туралы ереже
Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кeңecтердің) қазақстандық бөлiгi (бұдан әрi - комиссиялардың қазақстандық бөлiгi) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарына сәйкес құрылады.
1. Комиссияның қазақстандық бөлiгi халықаралық шарттарды iске асыру, халықаралық екi жақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
2. Комиссияның қазақстандық бөлiгi өз құзыретiнiң шегiнде заңнамада белгіленген тәртiппен: 
1) халықаралық екi жақты ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi басым бағыттарды және бiрлескен iс-шараларды айқындайды; 
2) жоғары және үкiметаралық деңгейлерде өткен кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткiзiлген халықаралық шарттар мен уағдаластықтардың орындалуына жәрдемдеседi; 
3) халықаралық екi жақты ынтымақтастықты дамытуға байланысты халықаралық шарттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады; 
4) халықаралық екi жақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдеседi; 
5) Үкiметтің шешiмдерiн талап ететiн халықаралық екi жақты ынтымақтастық мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
2. Комиссияның қазақстандық бөлiгiн қалыптастыру және оның жұмыс тәртiбi
Полная версия
ИС BestProfi