Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N 1304 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 609 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1.»"Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) қазақстандық бөлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N 1304  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 44, 444-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы»"(комитеттердің, кеңестердің)" деген сөздерден кейін»"және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының)" деген сөздермен толықтырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) қазақстандық бөлігі туралы  ережеде: 
тақырыбындағы және кіріспесіндегі»"(комитеттердің, кеңестердің)" деген сөздерден кейін»"және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3. Комиссиялардың қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын бекіту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды. 
Осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, комиссияның қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының бірінші басшысы комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы болып табылады. 
Комиссияның қазақстандық бөлігінің қызметі үшін жауапты мемлекеттік органның басшысы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келісім бойынша өзінің орынбасарын комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы ретінде белгілейді. 
Мемлекеттік орган комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасын тағайындау туралы шешімнің көшірмесін шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.";
4-тармақтағы»"Үкіметаралық комиссияның" деген сөздерден кейін»"(комитеттің, кеңестің) (бұдан әрі - үкіметаралық комиссия)" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Қажет болған жағдайда, үкіметаралық комиссиялардың қызметі шеңберінде олардың міндеттері мен қызмет мерзімдерін белгілей отырып, ынтымақтастықтың нақты бағыттары жөніндегі кіші комиссиялар (кіші комитеттер, жұмыс топтары) құрылуы мүмкін. 
Кіші комиссияларды (кіші комитеттерді, жұмыс топтарын) жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, сондай-ақ кіші комиссиялардың (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) тең төрағаларын белгілеу осы Ереженің 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
6-тармақтағы»"Жұмыс   топтары" деген сөздер»"Кіші комиссиялар (кіші комитеттер, жұмыс топтары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 2) тармақшасындағы»"комиссиялардың қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын тағайындау туралы" деген сөздер "комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын бекіту туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 4) тармақшасындағы»"(комитеттің, кеңестің)" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi