1. Қоса беріліп отырған теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтер және талаптар бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.01.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 Қаулысы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 16-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысымен бекітілген
Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтер және талаптар 1. Жалпы ережелер
1. Осы нормативтер және талаптар теңіздегі мұнай операцияларын жүргізу кезінде теңізді тазарту жұмыстарын жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға міндетті болып табылады және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 34) тармақшасына және 95-бабының 5-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының немесе оның операциялық компаниясының теңіз акваториясында мұнайдың төгілуіне жедел ден қою және оның зардаптарын жою үшін жағдай жасау мақсатында әзірленді.
2. Мұнайдың төгілуіне байланысты авариялық жағдайлар градациясын ескере отырып, нормативтер үш деңгейде белгіленеді:
1-деңгей - жұмыстарды жүргізу кезінде теңіз құрылыстарында бар материалдар мен заттардың және құрылыс персоналының көмегімен жойылатын елеусіз төгілу (10 тонна мұнайдан аспайтын);
2-деңгей - жою үшін жұмыс жүргізілетін жердегі теңіз құрылыстарындағы ресурстар да, жергілікті жағалау қызметтерінің қосымша материалдары, заттары мен персоналы да қажет болатын қалыпты (орташа) төгілу (10 тоннадан 250 тоннаға дейінгі мұнай);
3-деңгей - мұнайдың төгілуін жою үшін халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі әр түрлі ұйымдардың материалдары, заттары мен персоналы талап етілетін мұнайдың көп төгілуі (250 тоннадан бастап).
3. 2-деңгейдегі авариялық жағдайларға:
отын сақтау резервуарынан немесе бөлу жүйесінен;
отындық резервуардан немесе баржадан;
отын тасуға арналған автоцистернадан;
теңіз құрылысындағы ұңғыманы бұрғылау немесе сынау кезінде уақытша немесе ішінара бақылауды жоғалтқан жағдайда ағу орын алады.
Мұнайдың төгілу зардаптарын жою кезінде жағалау объектілерінен мұнайдың төгілуін оқшаулау және мұнай жинау үшін қосымша ресурстарды (материалдарды, заттарды) тарту міндетті.
Полная версия