Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
"Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 62 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес
1. «Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 154-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерде және талаптарда:
«9. Егер мұнайдың төгілген мөлшері оқиға болған жердегі абсорбенттердің мүмкіндігінен асып түссе, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған әр теңіз құрылысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес кең диапазонды диспергенттермен, сондай-ақ мұнайды уақытша сақтау қоймасына жинауға мүмкіндік беретін мұнай жинауға арналған материалдармен, тасымалдау және қауіпсіз жерде жағу үшін пластикалық қапшықтармен немесе герметикалық контейнерлермен (астаулармен) жабдықталады.».
«5) 1 және 2-деңгейлі төгілулерді жою үшін жеткілікті, сондай-ақ өзінің және жағалық ден қою базасынан қосымша күштер мен құралдар келгенге дейін 3-деңгейлі мұнай төгілуін оқшаулауды қамтамасыз ететін материалдардың, заттар мен жабдықтардың отыз минуттық қол жетімділік шегінде болуы;
6) 1 және 2-деңгейлі мұнай төгілулерін жою үшін жақын жердегі ден қою базасында орналасқан материалдар мен заттарды жабық құрғақ үй-жайда сақтау.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия