Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 Қаулысы
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану  қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 13 тамыздағы
 № 923 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 13) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібі "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен белгіленеді.
3. Қағида қолдану мерзімі күнтізбелік бір жылдан асатын тұрақты жолаушылар және багаж тасымалына берілетін шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану және шетелдік рұқсаттарды беру тәртібін айқындайды.
Қағида меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде мынадай автокөлік құралдарына иелік ететін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылады.
2) жүк автомобильдері (олардың тіркемені қосқанда рұқсат етілетін жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тіркемені қосқанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);
3) мамандандырылған автомобильдер (белгілі бір жүк түрін тасымалдауға арналған);
4) арнайы автомобильдер (әртүрлі, көбінесе көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған).
4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы - автокөлік құралын жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретін құжат;
2) жолсапар - автокөлік құралдарының жөнелту пунктінен межелі пунктіне жүруі және жөнелту пунктіне кері оралуы;
Полная версия
ИС BestProfi