Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.01.2015
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау саласында ұсынатын мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 456 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қазанда № 8000 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 31 қаңтардан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 17.06.2014 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес
2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1) 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті;
2) 2-қосымшаға сәйкес «Кәсіптік жоғары білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) 3-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін жоғары оқу орындарына қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2012 жылғы 3 қазандағы
 № 456 бұйрығына
 1-қосымша
«Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы регламенті (бұдан әрі – регламент) жоғары оқу орындарымен (бұдан әрі – ЖОО) көрсетіледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына, «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы ЖОО-ларға түсетін тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттарын) орналастыру арқылы жүзеге асады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.
5. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Полная версия
ИС BestProfi