Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.07.1999
Заң күшi бар Мемлекеттiк қызмет туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 26 желтоқсан N 2730. Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының
4-тармағын iске асыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiн
ұйымдастыру негiздерiн, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық
жағдайын, олардың әлеуметтiк қорғалуын айқындау және мемлекеттiк
қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында, "Қазақстан
Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша
өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасы Заңының  

 
  1-бабына сәйкес осы Жарлықты шығарамын.
                             I ТАРАУ
                         Жалпы ережелер 
     
     1-бап. Мемлекеттiк қызмет
     Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызмет-азаматтардың
мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарында конституциялық
негiзде жүзеге асырылатын және мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыруға,
мемлекеттiң өзге де мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға
бағытталған кәсiби қызметi.
     2-бап. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi
     1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi:
     1) заңдылық;
2) мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; 
3) азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдында басымдығы; 
4) мемлекеттiк қызметтiң жалпыға ашықтығы, яғни өздерiнiң қабiлетi мен кәсiби даярлығына сәйкес азаматтардың оған кiруге тең құқылығы; 
5) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруге ерiктiлiгi; 
6) өз өкiлеттiктерi шегiнде жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешiмдердiң төменгi мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттiлiгi; 
7) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы мен есеп берiп отыруы; 
8) барлық азаматтар мен лауазымды адамдар үшiн мемлекеттiк қызметшiлердiң заңды талаптарын орындаудың мiндеттiлiгi; 
9) мемлекеттiк құпия және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялықты ескеру; 
10) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы; 
11) мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу және өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны үшiн және өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке жауапкершiлiгi; 
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiпқойлығы мен жоғары бiлiгi; 
13) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет перспективасы; 
14) мемлекеттiк қызметтiң үзiлiссiздiгiнiң мемлекеттiк қызмет кадрларының сабақтастығымен және оларды алмастырып отырумен үйлесу принциптерiне негiзделедi. 
2. Мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарында саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды. 
3-бап. Осы Жарлықтың күшi қолданылатын лауазымды және өзге тұлғалар
1. Осы Жарлықтың күшi заңдарда белгiленген тәртiппен: 
1) Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiнде; 
Полная версия
ИС BestProfi