Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.11.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2600.
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесі бекітілсін. 
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін. 
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 міндетін атқарушы
 2003 жылғы 14 қарашадағы
 "Санитарлық-эпидемиологиялық
 сараптама жүргізу ережесін бекіту
 туралы" N 841 бұйрығымен
 бекітілген
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережесі
1. Осы Ереже "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға тіршілік ету ортасының факторларын, шаруашылық және басқа да қызмет, сондай-ақ объектілер теріс әсер етуін зерделеу, бағалау мен олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
3. Осы Ережелердің талаптары Қазақстан Республикасының аумағында өзінің іс-қимылын жүзеге асырып жүрген жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен анықтамалар: 
1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық объектілерінің және өзге де қызметтердің санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін келуін анықтау мақсатында жүргізілетін органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдерінің кешені; 
2) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттаманың, тіршілік ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің санитарлық ережелер және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат; 
3) құжаттарға сараптама өткізуге тапсырыс беруші - санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасауға тапсырыс беретін,  қаржыландыратын және осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша қажетті құжаттарды ұсынатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, басқа да заңды және жеке тұлғалар; 
4) ұйымдастырушы - белгіленген тәртіппен орындаушы санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасауға тапсырысты іске асыруды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары (сараптау органы); 
5) орындаушылар - ұйымдастырушы айқындаған көлемге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасайтын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары.
5. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама субъектісі мыналар болып табылады: тапсырысшы, ұйымдастырушы және орындаушылар.
Полная версия
ИС BestProfi