Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2014
"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2010 жылғы 5 қазандағы № 63 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6615 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Бас прокурорының 01.07.2014 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес
1. «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 5 қазандағы № 63 бұйрығымен бекітілген
«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету Регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызмет – жеке тұлғаның (тұтынушының) құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыру немесе оларға нормативтік құқықтық актілермен жүктелген міндеттерді орындау мақсатында жүгінуіне байланысты құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын, не болмаса құжаттамалық ақпараттың (құжаттың) пайда болуын туғызатын әрекеттерді іске асыру және/немесе шешімдерді қабылдаудан туындаған мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган қызметі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық басқармалары (одан әрі – уәкілетті орган) немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (одан әрі – ХҚКО) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1041 Жарлығы негізінде жүзеге асырылады.
5. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке тұлғада соттылықтың болуын немесе болмауын растайтын қағаз жүзіндегі жеткізгіште беру мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Полная версия

