Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 768 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.03.2015 жылғы № 327 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 шілдедегі
 № 768 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлiктің жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi қағида
1. Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлiктiң жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида (бұдан әрі – Қағида) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынымдарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және азаматтық авиация саласындағы басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес әзірленді.
Осы Қағида жолаушыға, багажға, жүктерге және әуе кемелеріне қызмет көрсету, сондай-ақ әуеайлақты әуе кемелерінің ұшуына дайындау кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:
1) әуе кемесінің тұрақ орны – перронда бөлінген, әуе кемесінің тұрағына арналған учаске;
2) ұшып көтерілу-қону жолағы (ҰҚЖ) – әуе кемелерiнiң ұшып көтерілуі мен қонуына дайындалған құрлық әуеайлағындағы белгiлi бiр тiк бұрышты учаске;
3) арнайы көлік қызметі – азаматтық авиация ұйымының әуе кемелеріне техникалық және коммерциялық қызмет көрсетуді, әуеайлақты пайдаланып ұстауды, сондай-ақ басқа да шаруашылықішілік жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ететін және осы мақсаттар үшін техниканың қажетті саны, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үшін өндірістік ғимараттар мен жабдықтары бар құрылымдық бөлімшесі;
4) күрделi жөндеу – бұйымның базалық бөлшектерін қоса алғанда, оның кез келген бөлшегін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, оның жарамдылығын қалпына келтіру және ресурстарын толық немесе толық дерлік қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;
5) коммерциялық қызмет көрсету – әуе кемесiмен тасымалдау кезiнде багажға, жүкке, жолаушыларға, авиапоштаға белгіленген төлем үшін қызмет көрсету;
6) құны арзан техникалық мүлiк – негiзгi құралдардан (автокөлiктен, жұмыс машиналары мен механизмдерден) басқа тауарлық-материалдық құндылықтар;
7) иесiздендірілмеген жөндеу әдiсi – қалпына келтiрiлген құрамдас бөлшектердің бұйымның белгiлi бiр данасына тиесілілігі сақталатын жөндеу әдiсi;
8) иесiздендірілген жөндеу әдiсi – қалпына келтiрiлген құрамдас бөлшектердің бұйымның белгiлi бiр данасына тиесілігі сақталмайтын жөндеу әдiсi;
Полная версия
ИС BestProfi