1. "Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 534-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 387 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 3 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 20.04.2022 жылғы № 231 Қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) тақырыптағы және мәтiндегі "үйлестiру кеңесiн", "үйлестiру кеңесi" деген сөздер "кеңес" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыптағы және мәтіндегі "Үйлестiру кеңесiнiң" деген сөздер "Кеңестiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
Туризм жөнiндегi кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Кәрменова Альмира Нұрқасқызы |
"Астана қаласының туризм орталығы" еншiлес мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының директоры |
Лавриненко Юрий Иванович |
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi |
мына жолдар:
Никитинский Евгений Сергеевич |
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары |
3әкiриянов Қайрат Хайроллаұлы |
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт академиясының ректоры (келiсiм бойынша) |
Шамсутдинова Светлана Юрьевна |
"Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы" республикалық қорының президентi |
Коржова Наталья Артемовна |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi" |
мынадай редакцияда жазылсын:
Никитинский Евгений Сергеевич |
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары
|
3әкiриянов Қайрат Хайроллаұлы |
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт академиясының ректоры, Спорттық туризм және туристiк көпсайыс республика-лық федерациясының президентi (келiсiм бойынша) |
Савченко Светлана Юрьевна |
"Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы" республикалық қорының президентi (келiсiм бойынша) |
Коржова Наталья Артемовна |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау бiрiншi вице-министрi"; |
көрсетiлген Кеңестiң құрамынан: Жидебай Құдайбергенұлы Көпенов, Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев, Мұрат Арзаұлы Мұртазаев, Өмiрбай Көпбайұлы Мұсаев, Нұрлан Құсайынұлы Рахметов, Анатолий Александрович Белоног, Нұрлан Әбдiлдаұлы Ысқақов, Владимир Викторович Шнейдмюллер шығарылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Туризм жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ережеде:
тақырыптағы және мәтiндегi "үйлестiру кеңесi" деген сөздер "кеңес" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-бөлiмде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Туризм жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды";
4-тармақтағы "Туризм туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Туризм жөнiндегi кеңестiң он бес мүшесi болады, оның жетеуі уәкілетті орган мен өзге де мемлекеттік органдардан, сегіз мүшесi қауымдастықтар мен өзге де туристiк ұйымдардың бiрлестiктерiнен өкiлдiк етедi";
2-бөлімде:
тақырыптағы "мiндеттерi" деген сөзден кейiн "функциялары" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1)тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекiтiлген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi";
9-тармақтағы "орынбасарларының бiрi" деген "орынбасары" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі