"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы N 927 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 636 Қаулысына сәйкес «Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 25.02.2015 жылғы № 122 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті түрде ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы N 927 қаулысымен бекітілген
Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесі
1. Тантал шикізаты - танталит, танталдың, калий фторотанталатының гидрототығы.
2. Бериллий шикізаты - бериллий концентраты.
Полная версия