"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2021
Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 765 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5891 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-260/2020 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-44 Бұйрығына сәйкес (24.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-44 Бұйрығына сәйкес (24.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда
министрінің міндетін атқарушы
____________ Т. Жақсылықов
2009 жылғы 25 қараша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 765 бұйрығымен бекітілген
Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық бұйымдардың тізбесі
Тізбе өзгерітлді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-44 Бұйрығымен (24.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
N р/с |
Медициналық бұйымның атауы |
1. | Көз торшасы қалыңдығын талдағыш |
2. | Электролитті, қан электролиттерін талдағыш |
3. | Аудиометрлер, диагностикалық аудиометр, импедансты аудиометр, туындаған әлеуеттерді тіркеудің клиникалық, аудиометриялық модулі |
4. | Медициналық динамометр |
5. | Антропометриялық өлшеуіш |
6. | Электроэнцефалограф, цифрлы электроэнцефалография жүйесі электроэнцефалографиялық аппаратты-бағдарламалық кешен, электроэнцефалограф-талдағыш, компьютерлендірілген тіркеуіш, портативный, телеметриялық және автоматты режимдегі алып жүретін ЭЭГ-ны тәуліктік тіркеу |
7. | Кардиомонитор, кереует жанындағы кардиомонитор, компьютерлі электрокардиоанализатор, телеметриялық электрокардиограф (телефон желісі немесе радиоарна бойынша дыбыс бергішімен) |
8. | Бір және көп арналы электрокардиограф, электрокардиографиялық кешен, оның ішінде жүктемелі сынамаға арналған аппаратты-бағдарлама, ЭКГ алып жүретін тіркеуіштер |
9. | Реограф, қан айналымы параметрлерін кешенді зерттеуге арналған аппаратты-бағдарламалық реографиялық кешен, реоплетизмограф, реоэнцефалограф |
10. | Фотоплетизмограф |
11. | Фонокардиограф |
12. | Электромиограф, нейромиограф және алынған ми әлеуеті электромиография/өлшеуіш жүйесі, нейромиоталдағыш |
13. | Дозиметр, клиникалық дозиметр |
14. | Электроретиноталдағыш - компьютерліндірілген диагностикалық кешені |
15. | Бірқатар физиологиялық параметрлерді бақылауға арналған реанимациялық және анестезиологиялық монитор |
16. | Артериалдық қан қысымын және тәуліктік тамыр соғу жиілігін, оның ішінде өзімен бірге жүретін, автоматты өлшеу мониторы, компьютерлеген |
17. | Пульсоксиметр |
18. | Сынама көзілдірік линзалары жиынтығы |
19. | Спирограф, шағын процессорлы портативті спирограф, спирографиялық кешені, волютометр, оксикарбоспирограф, оксиспирограф |
20. | Пневмотахограф |
21. | Медициналық термометрлер |
22. | Артериалдық қан қысымын өлшеуге арналған, оның ішінде артериалдық қан қысымын, тамыр соғысын және артериалдық қан қысымын тәуліктік мониторлауды өлшеуге арналған жартылай автоматты, автоматты, сандық тонометр |
23. | Өкпені жасанды желдету аппараты |
24. | Жаңа туғандарға арналған инкубаторлар |
25. | Төменгі жиілікті терапия аппараттары, аппараты ультражоғары жиілікті терапия аппараты, ультрадыбысты терапия аппараты |
26. | Ультрадыбысты диагностикалық аппараттар (сканерлер) (УДҚ-аппараты) |
27. | Планшетті иммуноферментті талдағыш |
28. | Биохимиялық талдағыштар |
29. | Шығаратын ауаны газды талдағыш |
30. | Колориметриялық және фотометриялық медициналық аспаптар |
31. | Медициналық поляриметр |
32. | Медициналық нефелометр |
33. | Люминометр және хемилюминометр |
34. | Вискозиметр |
35. | Гемоглобинометр |
36. | Еккішті сорғы, инфузды еккіш сорғы, волютометр еккіш сорғы |
37. | Медициналық тараздар |
Полная версия