Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2008
Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк шығыстардың және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетiн тәулiкақы нормаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 желтоқсан N 1677
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 14.03.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiнiң  (Салық кодексi) 93-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:  
1-қосымшаға сәйкес салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк шығыстардың нормалары; 
2-қосымшаға сәйкес салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетiн тәулiкақы нормалары бекiтiлсiн. 
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2001 жылғы 24 желтоқсандағы
 N 1677 қаулысына
 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.03.2005. № 226 қаулысымен. (29.05.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
   Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге  
                жататын өкiлдiк шығыстардың нормалары 
____________________________________________________________________
Шығыстардың атауы                    Құны (айлық есептiк 
 ____________________________________________________________________
1.  Адамдарды ресми қабылдауды                   8,0-ге дейiн 
4.  Автокөлiк қызметiн көрсету                   1,0-ге дейiн  
 ____________________________________________________________________
#$:
1. Адамдарды ресми қабылдауды жүргiзу кезiнде қабылдаушы тараптан қатысушылардың саны қабылданатын делегация тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиiс. 
2. Делегацияның құрамы бес адамнан жоғары болған кезде делегацияға қызмет көрсететiн iлесiп жүретiн адамдар мен аудармашылардың саны делегацияның кемiнде бес мүшесiне бiр аудармашы немесе iлесiп жүрушi есебiмен анықталуы тиiс.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2001 жылғы 24 желтоқсандағы
 N 1677 қаулысына
 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.05.2004. № 597 қаулысымен. (24.12.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетiн тәулiкақы нормалары 
Полная версия
ИС BestProfi