Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 Қаулысы
Осы редакция 29.12.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Caудa мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын және "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2005. № 278, 28.10.2005. № 1082 қаулыларымен (17.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiліп отырған Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалауы астында теңiз сауда кемелерінің жүзу құқығын берудің тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 48, 584-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 наурыздағы N 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 180-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 17 қаңтардағы
 N 49 қаулысымен
 бекітілген
Кемелер мен оларға құқықтарды  
  мемлекеттік тіркеудің ережесi 
Мәтінде сөздер ауыстырылды ҚР Үкіметінің 28.10.2005. № 1082 (30.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз) қаулыларымен.(қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң осы ережесi және "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңының "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының (бұдан әрi - Заң) негiзiнде әзiрлендi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2005. № 278 қаулысымен. (17.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1) теңiз кемелерi мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң тәртiбi; 
2) өзен кемелерi мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi; 
3) шағын өлшемдi кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудің тәртiбi.
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi терминдер қолданылады: 
теңiз кемесi - анықтамасы 1978 жылғы 7 шiлдеде Лондонда жасалған Теңiзшілердi даярлау, оларға дипломдар беру және вахта атқару туралы халықаралық конвенцияның 2-бабында көзделген кеме; 
Полная версия
ИС BestProfi