Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
"Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1647 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
1. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1647 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзiрленген және кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда кеменің жасы деп кемені тіркеу туралы құжатта көрсетілгендей, жасалған жылынан бері өткен уақыт кезеңі түсініледі.
3. Кемені мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және теңіз кемесін мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде алымдар алынады.
4. Кеме (салынып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталатын тәртіппен алым алынады.
5. Кемелерді және оларға құқықтарды Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде (бұдан әрі – Мемлекеттік кеме тізілімі), бербоут-чартер тізілімінде және салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеуді Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.
Мемлекеттік кеме тізілімін, бербоут-чартер тізілімін және салынып жатқан кемелер тізілімін жүргізуді Порттың теңіз әкімшілігі қағаз және электрондық тасымалдағыштарда жүзеге асырады.
Мемлекеттік кеме тізілімін, бербоут-чартер тізілімін және салынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) белгілейді.
6. Кемені мемлекеттік тіркеуге арналған өтінішпен кеменің меншік иесі (кеме иесі) немесе ол уәкілеттік берген адам жүгінеді.
7. Мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
Полная версия