Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2023
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жіберу қолданылмайтын алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастардың медициналық қарсы айғақтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 725 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 12 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 731 Қаулысына сәйкес 
«Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жіберу қолданылмайтын алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастардың медициналық қарсы айғақтарының тізбесі бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 маусымдағы
 № 725 қаулысымен
 бекітілген
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жіберу қолданылмайтын алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастардың медициналық қарсы айғақтарының тізбесі
1. Шизофрения - жеке тұлғасының кемшілігі (тұрақты) бар, үздіксіз және ұстама тектес, ағымы прогредиентті түрдегі аурудың барлық нысаны (Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі (бұдан әрі - АХЖ-10) бойынша коды Ғ20).
2. Бас миының ауруы, зақымдануы немесе функциясының бұзылуы салдарынан тұлға мен мінез-құлықтың басқа да органикалық бұзылуы (АХЖ-10 бойынша коды Ғ07.8), басқа бөлімдерде жіктелетін нақтыланған басқа аурулар кезіндегі деменция (АХЖ-10 бойынша коды Ғ02.8)
3. Шизоаффектілік бұзылулар (АХЖ-10 бойынша коды Ғ25), психоздық симптомдары бар ауыр депрессиялық эпизод (АХЖ-10 бойынша коды Ғ32.3), психоздық симптомдары бар маниакалдық эпизод (АХЖ-10 бойынша коды Ғ30.2), органикалық кататониялық бұзылу (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.1), органикалық сандырақтық (шизофренияға ұқсас) бұзылу (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.2), органикалық галлюциноз (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.0), тамырлық деменция (АХЖ-10 бойынша коды Ғ01), басқа бөлімдерде жіктелетін басқа аурулар кезіндегі деменция (АХЖ-10 бойынша коды Ғ02), нақтыланбаған деменция (АХЖ-10 бойынша коды Ғ03), алкогольмен немесе басқа психобелсенді заттармен байланысы жоқ органикалық амнестиялық синдром (АХЖ-10 бойынша коды Ғ04), басқа созылмалы сандырақтық бұзылулар (АХЖ-10 бойынша коды Ғ22.8)
4. Жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі ақыл кемдігі (АХЖ-10 бойынша коды Ғ7).
5. Көңіл-күйдің биополярлық аффектілік бұзылуының (АХЖ-10 бойынша коды Ғ31) және рекуренттік депрессиялық бұзылуының ұстамалары (АХЖ-10 бойынша коды Ғ33). 
6. Органикалық галлюциноз (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.0), органикалық кататониялық бұзылу (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.1), органикалық сандырақтық (шизофренияға ұқсас) бұзылу (АХЖ-10 бойынша коды Ғ06.2), делирия (АХЖ-10 бойынша коды Ғ10.03, Ғ10.4).
7. Ми-тамырдың басқа аурулары (АХЖ-10 бойынша коды І67), орталық нерв жүйесінің басқада анықталған зақымдануы (АХЖ-10 бойынша коды С96.8), орталық нерв жүйесінің басқада анықталмаған зақымдануы (АХЖ-10 бойынша коды G96.9).
8. Орталық нерв жүйесі туберкулезінің алшақ салдары (АХЖ-10 бойынша коды В90.0).
9. Негізінен орталық нерв жүйесін зақымдайтын жүйелі атрофиялар (АХЖ-10 бойынша кодтары G10 - G13).
10. Экстрапирамидалық және басқа қозғалыстық бұзылулар (АХЖ-10 бойынша кодтары G20 - G026). 
11. Орталық нерв жүйесінің басқа дегенерациялық аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары G30 - G32). 
12. Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары (кодтары G35 - G37 АХЖ - 10 бойынша). 
13. Эпизодтық және ұстамалы бұзылулар (АХЖ-10 бойынша кодтары  G40 - G47).
14. Полиневропатиялар мен шеткі нервілер жүйесінің басқа зақымданулары (АХЖ-10 бойынша кодтары G60 - G64).
15. Декомпенсация сатысындағы эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану мен зат алмасуының бұзылуы (АХЖ-10 бойынша кодтары Е00 - Е16). 
16. ІІ-ІІІ сатыдағы НЖФ-мен омыртқаның, қабырғаның, ірі буындардың қозғалуын шектейтін спондилопатиялар (АХЖ-10 бойынша кодтары М45 - М49). 
17. Қатерлі ісіктер (АХЖ-10 бойынша кодтары С00 - С97).
18. ІІ-ІІІ дәрежедегі қанайналым бұзылуларымен жүректің ақауымен бірге ревматикалық созылмалы аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары І05 - І09). 
20. ІІ-ІІІ дәрежедегі қанайналым бұзылуларымен инфарктен кейінгі кардиосклероз. 
21. Жіті миокард инфаргінің бірқатар өтпелі асқынулары (АХЖ-10 бойынша коды І23). 
22. Жүректің жіті ишемиялық ауруының басқа түрлері (АХЖ-10 бойынша коды І24).
23. Өкпелік жүрек пен өкпе қан айналымының бұзылуы (АХЖ-10 бойынша кодтары І26 - І28).
24. ІІІ-ІV дәрежедегі ФК-мен жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің ауыр бұзылуларымен жүректің басқа аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары І30 - І52). 
25. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы (АХЖ-10 бойынша коды І25). 
26. Қан қысымының жоғарылауымен сипатталатын аурулар (АХЖ-10 бойынша кодтары І10 - І15) (II - III дәрежедегі гипертониялық ауру, сондай-ақ жиі кризистік жағдайдағы гипертониялық ауру). 
27. Бас миы тамырларының ауруы (АХЖ-10 бойынша кодтары І60 - І69):
бас миы қанайналымының жіті бұзылуы және парез, сал, афазия, атаксия құбылыстары бар бастан өткерген жіті ми бұзылуларынан кейінгі жағдай.
28. Артериялардың, артериолалардың және қылтамырлардың аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары І70 - І79).
29. II - III дәрежелі өкпе функциясының жетіспеушілігі бар төменгі тыныс жолдарының созылмалы аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары J140 - J147).
30. Асқыну, декомпенсация сатысындағы асқазан-ішек жолдарының аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары К20 - К77). 
31. II - III дәрежелі органдар функциялары бұзылған дәнекер тіннің жүйелік зақымдану (АХЖ-10 бойынша кодтары М30 - М36). 
32. II - III дәрежелі өкпе-жүрек функциясының жетіспеушілігі бар өкпенің сыртқы агенттер тудырған аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары J160 - J170).
33. Декомпенсацияның орташа және ауыр дәрежесіндегі қанның, қан өндіру ағзаларының аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар (АХЖ-10 бойынша кодтары D50 - D89). 
34. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі бар несеп-жыныс жүйесінің аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары N00 - N99). 
35. Ауыстырылып қондырылған ағзалар мен тіндердің өлуі мен ажырауы (АХЖ-10 бойынша коды Т86).
36. Туберкулездің деструктивті және бациллалы нысандарындағы туберкулез (АХЖ-10 бойынша кодтары А15 - А19).
1) көз шарасының аурулары (АХЖ-10 бойынша коды Н05);
2) тамырлы қабық пен торқабықтың аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары Н30 - Н36);
3) глаукома (АХЖ-10 бойынша кодтары Н40 - Н42);
4) көру нерві мен көру жолдарының аурулары (АХЖ-10 бойынша кодтары Н46 - Н48); 
5) көрудің бұзылулары мен соқырлық (АХЖ-10 бойынша коды Н53 - Н54); 
38. Декомпенсация немесе асқынулар сатысындағы ішкі органдардың туа біткен аурулары:
1) қанайналым жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q20 - Q28);
2) тыныс алу ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q30 - Q34); 
3) ас қорыту ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша коды Q38 - Q45);
4) жыныс ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q50 - Q56); 
5) несеп жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q60 - Q64); 
6) сүйек-бұлшық ет жүйесінің туа біткен ауытқулары мен деформациялары (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q65 - Q79);
7) туа біткен басқа ауытқулар (даму кемістіктері) (АХЖ-10 бойынша кодтары Q80 - Q89);
39. Психиатриялық ауруханада стационарлық емдеуді талап ететін кез келген генездегі (оның ішінде есірткі заттары мен алкогольді тұтынудан туындаған) жіті психоздар*.
40. Жедел мамандандырылған стационарлық емдеуді талап ететін алкогольге, есірткілерге немесе басқа да психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелді науқастың барлық қосалқы аурулары*. 
41. Емдеудің тазарту курсын өткізгенге дейінгі мерездің манифестік нысандары (АХЖ-10 бойынша коды А51), жаңадан пайда болған гонорея (АХЖ-10 бойынша коды А54), хламидиоз (АХЖ-10 бойынша коды А56), трихомоноз (АХЖ-10 бойынша коды А59); ауыр, атап айтқанда, асқыну сатысындағы жүйелі дерматоздар (АХЖ-10 бойынша кодтары L10 - L14, L98)*
Ескертпе: * 39-41-тармақтарда көрсетілген қарсы айғақтары бар алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдар тиісті мамандандырылған ем жүргізілгеннен кейін мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі.
Полная версия
ИС BestProfi