Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 42 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 23 қаңтардағы
 N 42 қаулысымен
 бекітілген
"Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Осы "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті мынадай айналымға шығарылатын және пайдалануға берілетін: 
шыққан еліне қарамастан жаңа, бұрын пайдалануда болмаған; 
жаңғыртудан кейін пайдалануда болған; 
Қазақстан Республикасына әкелінетін, бұрын пайдалануда болған төменвольтті жабдыққа қолданылады. 
2. Осы техникалық регламент 2-бөлімінің айқындамасына сәйкес келетін және 1000 В дейінгі ауыспалы тоқты қоса алғандағы және 1500 В дейін тұрақты тоқты қоса алғандағы атаулы кернеу кезінде қолдануға арналған электр жабдығы осы Техникалық регламентте төменвольтті электр жабдығы деп түсініледі. 
3. Оларға қатысты осы техникалық регламентпен қауіпсіздік талаптары белгіленетін техникалық реттеу объектілері болып мыналар табылады: 
2) электротехникалық жабдықтар мен материалдар; 
Полная версия
ИС BestProfi