Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 шілде N 843
Осы редакция 28.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi бекiтiлген Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын барлық шетелдiк бұқаралық ақпарат құралын тиiсiнше есепке алуды қамтамасыз етсiн.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2004. № 364 қаулысымен, 28.01.2005. № 73 қаулысымен. (29.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 29 шiлдедегi
 N 843 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу 
 ЕРЕЖЕСI 
Бүкiл мәтiн бойынша "аумақтық орган", "аумақтық органға", "аумақтық органның", "аумақтық органда" сөздер тиiсiнше "жергiлiктi атқарушы орган", "жергiлiктi атқарушы органға", "жергілікті атқарушы органның", "жергiлiктi атқарушы органда" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 28.09.2006. № 936 қаулысымен (28.01.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ереже "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  (бұдан әрi - Заң) талаптарына сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгi жай-күйiн дұрыс әрi уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрi - шетелдiк БАҚ-тар) есепке алу тәртiбiн белгiлейдi. 
2. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады: 
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 
2) жергілiктi атқарушы орган (әкiмдiк) - облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергілікті мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 
3) шетелдiк бұқаралық ақпарат құралы - тұрақты атауы және ағымдық нөмiрi бар шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымы (газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар); шетелдiк теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарлама (мерзiмдi аудиокөрiнiстiк хабарламалар және хабарлар жиынтығы);  
4) таратушы - шетелдiк БАҚ меншiк иесiмен, шығарушысымен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде Қазақстан Республикасының аумағында олардың өнiмдерiн таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (филиал немесе өкiлдiк);  
5) шетелдiк БАҚ-ты есепке алу туралы анықтама - таратушыға жергiлiктi атқарушы орган беретiн және таратушы анықтаған аумақта таратылатын шетелдiк БАҚ-тар атауларының тiзбесiн растайтын белгiленген нысандағы құжат.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.09.2006. № 936 қаулысымен (28.01.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ-тарды есепке алуды жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады. 
4. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк БАҚ-тардың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi. 
Полная версия
ИС BestProfi