Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
«Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 08.04.2015 жылғы № 319 Бұйрығын қараңыз
Редакция 29.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 7 қарашадағы
 № 1303 қаулысымен
 бекітілген
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары
1. Осы Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (бұдан әрі - пиротехникалық заттар мен бұйымдар) сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін  белгілейді.
2. Осы Қағидалар кез келген қауіптілік дәрежесіндегі өндірістік пиротехникалық заттар мен бұйымдарға қолданылмайды.
3. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар қолданылу кезінде әлеуетті қауіптілігі дәрежесіне қарай 5 сыныпқа бөлінеді:
1) I сынып - қауіпті факторлар қатарында соққы беретін толқындар мен жарылыс кезінде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, кинетикалық қозғалыс энергиясы 0,5 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 0,25 м қашықтықтағы акустикалық сәулеленуі 125 ДцБ-дан аспайтын, ал қалған факторлар бойынша қауіпті аймақ радиусы 0,5 м-ден артық емес бұйымдар;
2) II сынып - қауіпті факторлар қатарында соққы беретін толқындар мен жарылыс кезінде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, кинетикалық қозғалыс энергиясы 5 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 2,5 м қашықтықтағы акустикалық сәулеленуі 140 ДцБ-дан аспайтын, ал қалған факторлар бойынша қауіпті аймақ радиусы 5 м-ден артық емес бұйымдар;
3) III сынып - қауіпті фактор қатарында соққы беретін толқындар мен жарылыс кезінде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ бағытталған қозғалыс кезіндегі кинетикалық энергиясы 5 Дж-дан астам, бағытталмаған қозғалыс кезінде 20 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 5 м қашықтықтағы акустикалық сәулеленуі 140 ДцБ-дан артық емес, ал қалған факторлар бойынша қауіпті аймақ радиусы III сыныптың 30 м-ден артық емес және ІІІа төменгі сыныбы 20 м-ден аспайтын бұйымдар;
4) IV сынып - қауіпті факторлар қатарында соққы беретін толқындар жоқ, ал қауіпті аймақ радиусы қалған факторлардың ең аз дегенде біреуі бойынша 30 м-ден астамды құрайтын бұйымдар;
5) V сынып — I-IV сыныптарға кірмеген өзге де пиротехникалық заттар мен бұйымдар.
Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар мақсаты бойынша пиротехникалық заттар және тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар (І-ІІІ сыныптар) мен пиротехникалық заттар және техникалық мақсаттағы бұйымдар (IV-V сыныптар) болып бөлінеді.
2. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау және есепке алу тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi