Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 18.11.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 маусым N 808
"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1) Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесі; 
2) авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары. 
1-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 20.09.2007. № 820 Қаулысымен. (12.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.     
Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесі
1. Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері, кәсіптік және ерікті авариялық-құтқару құрамалары (бұдан әрі - АҚҚ) және құтқарушылар аттестаттауға жатады.  
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылған АҚҚ және құтқарушыларды аттестаттау:  
1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау даярлығының дәрежесін;  
2) тиісті техниканың, мүліктің және жабдықтардың болуы және жай-күйін;  
3) құтқарушылардың кәсіби дағдысына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық дайындығына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.  
2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі. 
2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.09.2007. № 820 Қаулысымен.
Полная версия
ИС BestProfi